Аңдатпа
Зерттеу жұмысында RIS (Reconfigurable intelligent surface) қолдану арқылы толық дуплексті ( full-duplex, FD) байланыс жүйелеріндегі интерференцияны басқару әдістері зерттеледі. Ұсынылған модельде шынайы жұмыс ортасын модельдеу үшін тікелей және RIS-тен шағылған таралу арналарын, қалдық өздік интерференцияны, жоғары (uplink) және төмен (downlink) арналардың айқаспалы интерференциясын (cross interference) және пайдаланушылар арасындағы интерференция (inter-user interference) қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты шектелген тарату қуаты жағдайында RIS элементтерінің фазалық ығысуларын біріккен оптимизациясы (joint optimization) арқылы өткізу қабілеттілін арттыру. Зерттелетін тапсырма дөңес емес болғандықтан, зерттеу ауыспалы оптимизация (alternating optimization) және дәйекті дөңес жуықтауды (successive convex approximation) қолданады. Сандық модельдеу арқылы ұсынылған RIS қолданылатын FD байланыс сұлбасы, RIS қолданылмайтын FD, кездейсоқ реттелетін фазалық RIS-FD және RIS қолданылатын жартылай дуплексті (HD) жүйелерімен салыстырылды. Алынған нәтижелер RIS фазасын оңтайлы басқару - сигналдың интерференцияға және шуылға қатынасын ғана емес, жиынтық өткізу қабілеттілігін жақсартатындығын көрсетті. Мысалы, RIS элементтерінің саны N=32 алынған кезде жүйенің жалпы жылдамдығы 18,2-ден 22,8 бит/с/Гц-ке дейін артты. Бұл базалық станцияның тарату қуатының 0-ден 30 дбм-ге дейін өсуімен түсіндіріледі. Ал N=64 кезінде жылдамдық 24,6 бит/с/Гц жетеді. Нәтижесінде, зерттеу жұмысында ұсынылған сұлба өшіру ықтималдығын (outage probability) 0,09-ға дейін төмендетеді. Алынған нәтижелер RIS-ті қолдану интерференцияны басқару тиімділігін арттыруға және толық дуплексті байланыс жүйелерінің сенімділігі мен спектрлік тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.