Bulletin of Parliamentarism

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.67255/3135-3665-2026-1-93-108
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан Республикасындағы сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы қазіргі нормативтік-құқықтық базада гендерлік тәсілдің бар-жоғын зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатында және сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы мемлекеттік басқаруда гендерлік қағидатты іске асырудың институционалдық негіздерін анықтау. Қазақстан Республикасындағы сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы халықаралық-құқықтық құжаттар мен отандық нормативтік-құқықтық актілерді жан-жақты талдау және бағалау үшін жүйелілік, салыстырмалы-құқықтық және салыстырмалы-матрицалық әдістер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттарды контент-талдау әдісі қолданылды. Зерттеу барысында авторлар иммигранттардың тең гендерлік құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған негізгі нормативтік-құқықтық құжаттардың болуына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көші-қон заңнамасының гендерлік-бейтарап сипатын дәлелдеді. Отандық көші-қон заңнамасын талдау негізінде авторлар гендерлік бағытталған көші-қон саясаты саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерді ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілерді интеграциялау және бейімдеу қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Жұмыста авторлар адам құқықтары мен гендерлік мейнстриминг қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық базаны дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды, сондай-ақ талдау барысында анықталған қайшылықтарды еңсеру және гендерлік тәсілді ескере отырып, сыртқы көші-қонды реттеудің отандық нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдарды тұжырымдады.