ДАРЫНДЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЖЕЛІЛІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.102(2).6
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада дарынды білім алушыларды дамыту контекстінде білім беру қызметтерін трансферлеу және заманауи педагогикалық технологиялар негізінде мектептер мен университеттердің желілік өзара әрекеттесу модельдеріне талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты – тиімді өзара әрекеттесу модельдерін анықтау және оларды жүзеге асырудың интегративті тәсілін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізі контент-талдау, ғылыми жарияланымдарды талдау, кейс-стади және сараптамалық бағалауды қамтитын аралас тәсілге негізделді. Зерттеуге 8–12 білім беру ұйымы мен 15–25 сарапшы қатысты. Модельдерді бағалау интеграция деңгейі, білім алушылардың белсенділігі, технологияларды қолдану және білім беру нәтижелері сияқты критерийлер бойынша жүргізілді. Нәтижесінде ресурстық, жобалық, серіктестік және цифрлық төрт модель түрі анықталды. Ең жоғары тиімділік білім беру қызметтерін трансферлеудің белсенді формаларына негізделген модельдерде байқалатыны анықталды. Сонымен қатар, тиімділік модельдің құрылымына ғана емес, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің сипатына да байланысты екені көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы трансферлеудің желілік өзара әрекеттесу тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі тетік ретінде негізделуімен айқындалады. Практикалық маңызы алынған нәтижелерді білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және мектептер мен университеттер арасындағы өзара әрекеттесу модельдерін құруда қолдану мүмкіндігімен байланысты.