ҚАЗАҚТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ӘН ШЫРҚАУ МЕКТЕБІ: ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ СИНТЕЗДІК ҚАҒИДАТТАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i2.1188
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ классикалық ән орындау мектебінің қалыптасу мәселесі дәстүрлі халық ән айту тәжірибесі мен академиялық вокалдық орындау қағидаттарының өзара синтезі тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаһандану үдерісінде академиялық вокалдың стандартталған үлгілерінің басымдық алып, ұлттық интонациялық, тілдік және орындаушылық ерекшеліктерді екінші қатарға ығыстыруымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазақ классикалық ән орындау мектебінің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау және оны дербес көркемдік-педагогикалық мектеп ретінде негіздеу. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдамалық, мәдени-тарихи, орындаушылық-аналитикалық және педагогикалық әдістер қолданылды. Талдау нәтижесінде қазақ классикалық әнін орындауда музыкалық тұрғыда сауатты орындау мен көркемдік тұрғыда асқақтата шырқау ұғымдарының айырмашылығы айқындалып, ұлттық интонация, мелизматика, тембрлік бояу және мәтіннің орфоэпиялық дәлдігі негізгі айқындаушы факторлар ретінде анықталды. Зерттеу қорытындылары қазақ классикалық ән орындау мектебін ұлттық музыкалық болмысты сақтай отырып, заманауи вокалдық педагогика мен кәсіби сахналық тәжірибеде тиімді қолдануға болатын дербес орындаушылық жүйе ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.