EFFECTIVENESS OF USING CRUMB RUBBER FROM AUTOMOBILE TIRES IN ASPHALT CONCRETE COMPOSITION

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/tst.2026.v02.i14.081
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада резеңке үгіндісі мен модификацияланған асфальтбетонның физика-механикалық және эксплуатациялық қасиеттері зерттелген. Қазіргі жол құрылысы саласында автокөлік қозғалысының қарқындылығының артуы және ауыр жүк көліктерінің үлесінің көбеюі дәстүрлі асфальтбетон жабындарының тез тозуына әкелуде. Сонымен қатар, пайдаланылған автомобиль шиналары экологиялық тұрғыдан қауіпті қалдықтардың қатарына жатады. Осыған байланысты қалдық шиналарды қайта өңдеу және оларды жол-құрылыс материалдарына пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу барысында БНД 60/90 маркалы битум, минералды толтырғыштар және қалдық автомобиль шиналарынан алынған резеңке үгінділері қолданылды. Асфальтбетон қоспаларына 0%, 5%, 10% және 15% мөлшерде резеңке үгінділері қосылып, Маршалл әдісі бойынша зертханалық сынақтар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері резеңке үгінділерін қолдану асфальтбетонның Маршалл тұрақтылығын, жоғары температурада деформацияға төзімділігін және су әсеріне тұрақтылығын арттыратынын көрсетті. Ең тиімдікөрсеткіштер 5–10% резеңке үгіндісі бар үлгілерде байқалды. Резеңке қалдықтарының көп бөлігі полигондарда жиналып, ондаған жылдар бойы ыдырамайтындықтан, қоршаған ортаға елеулі зиян тигізетінін байқаймыз. Жүргізілген зерттеу резеңке үгіндісімен модификацияланған асфальтбетонды жол құрылысы тәжірибесінде қолданудың техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді.