Аңдатпа
Бұл зерттеуде аэрация мен өсіру ұзақтығының микробтардың өсуіне және постбиотикалық метаболит синтезіне әсерін зерттелді. Зерттелген штаммдар Lactictaseibacillus sp., Leuconostoc mesenteroides және Hanseniaspora uvarum болды. Өсіру бұрын оңтайландырылған жағдайларда, аэрация қарқындылығы мен инкубация уақыты әртүрлі болған жағдайда жүргізілді. Сүт қышқылы бактериялары үшін (Lacticaseibacillus sp. және leuconostoc mesenteroides) максималды өсу орташа аэрацияда байқалады (80-100 rpm), ал постбиотиктердің ең көп шығымы анаэробты жағдайда қол жеткізіледі. Hanseniaspora uvarum ашытқысы үшін биомассаның максималды мәндері мен метаболиттердің құрғақ қалдықтары бекітілген, яғни орташа аэрация режимі (150 rpm) оңтайлы болды. Өсу кинетикасын зерттеу барлық штамдар үшін постбиотикалық метаболиттердің жинақталу шыңына 18 сағаттық культурадан кейін жететінін көрсетті, бұл өсудің кеш экспоненциалды фазасына толық сәйкес келеді. Инкубация уақытының 24 сағатқа дейін ұлғаюы метаболит өнімділігінің айтарлықтай жоғарылауына әкелмеді және тиімділігі төмен болды. Алынған нәтижелер постбиотиктерді алудың тиімділігін арттыру үшін өсірудің оңтайлы параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді және тамақ және фармацевтика өнеркәсібіндегі биотехнологиялық процестерді әзірлеуде, өндірістік масштабта енгізу, технологиялық процестерді жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.