ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ СЕБЕПТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/bulmathenu.2026/1.2
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада KazCausal сұлбасы негізінде қазақ тіліндегі себеп-салдарлық құрылымдарды қолмен аннотациялау және құрылымдық-семантикалық тұрғыдан жүйелеу әдістемесі ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі себептілікті білдіретін морфологиялық, лексикалық және синтаксистік құралдарды формалды аннотациялық модель арқылы сипаттау және табиғи тілді өңдеу міндеттеріне бейімделген корпус құрудың ғылыми негізін көрсету. Зерттеу нысаны ретінде ғылыми, публицистикалық және нормативтік мәтіндерден іріктелген 1250 каузалды сөйлемдер алынды. Барлық сөйлемдер себеп-салдарлық қатынасты білдіретін тілдік бірлік ретінде қарастырылып, үш негізгі құрылымдық типке бөлінді: SYNTHETIC\_CAUSE, ANALYTICO\_SYNTHETIC\_CAUSE және ANALYTIC\_CAUSE. Нәтижелер синтетикалық құрылымдардың 431 сөйлемін (34,5\%), аналитика-синтетикалық құрылымдардың 425 сөйлемін (34,0\%), ал аналитикалық құрылымдардың 394 сөйлемін (31,5\%) құрайтынын көрсетті. Ұсынылған сұлба себеп фрагментін, салдар фрагментін, каузалдық маркерді, құрылымдық типті, нақты морфологиялық форманы және семантикалық ішкі типті қатар белгілеуге мүмкіндік береді. Аннотация сапасы F1=0.81 және Cohen’s k=0.72 көрсеткіштері арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі себеп-салдарлық қатынастарды автоматты анықтауға арналған типологиялық тұрғыдан бейімделген NLP ресурстарын құруға негіз болады.