АЛДАР КӨСЕ БЕЙНЕСІН ЗАМАНАУИ АНИМАЦИЯ МЕН КОМИКСТЕ ВИЗУАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp286-300
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі заманауи мультимедиялық өнімдер балалар психикасына айтарлықтай әсер етеді, сондықтан фольклорлық кейіпкерлерді анимация және комикс форматында тиімді бейнелеу өзекті мәселе болып отыр. Зерттеу қазақ фольклорындағы парасатты жеңімпаз типіне жататын Алдар көсені визуалдаудың педагогикалық, психологиялық және мәдени әлеуетін ашуды мақсат етеді. Мақалада Алдар көсенің юморға және агрессиясыз мінез-құлыққа негізделген ерекшеліктері, ұлттық кодты сақтау принциптері және аудиторияның жас ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу жолдары кешенді түрде қарастырылады. Мақаланың теориялық маңыздылығы фольклорлық кейіпкерлерді заманауи мультимедиялық форматқа бейімдеудің әдістемелік тәсілдерін жүйелеуімен, анимация мен комикс саласындағы ғылыми зерттеулерді толықтыруымен негізделеді. Практикалық маңыздылығы балалар аудиториясына арналған мультимедиялық өнімдердің тәрбиелік, эстетикалық және когнитивтік әлеуетін арттыру, ұлттық кейіпкерлерді мәдени брендке айналдыру арқылы отандық анимация индустриясын дамыту барысындағы тұжырымдарымен айқындалады. Зерттеу әдістері ретінде контент-талдау, салыстырмалы талдау, мәдени-антропологиялық және теориялық талдау қолданылды. Материал ретінде қазақ фольклорындағы Алдар көсе ертегілері, отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, анимация мен комикс теориясына арналған әдебиеттер, сондай-ақ жапон анимациясындағы фольклорлық кейіпкерлерді визуалдау тәжірибелері пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, Алдар көсе бейнесі эпизодтық құрылым, юморлық сипат және агрессиясыз әрекеттер арқылы балалардың логикалық ойлауын, себеп-салдарлық байланысын, эмоционалдық қабылдауын және әлеуметтік дағдыларын тиімді дамытады. Ұлттық киім үлгілері, ою-өрнек және музыкалық сүйемелдеу балалардың этномәдени танымын арттырады. Анимациялық сериалдар, комикстер және оқу-әдістемелік материалдар арқылы кейіпкерді көрсету ұлттық бренд қалыптастыруға және мәдени құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүргізілген зерттеу Алдар көсе бейнесін заманауи мультимедиялық өнімдерге бейімдеудің педагогикалық, психологиялық және мәдени тұрғыдан тиімді әдістемесін ұсына отырып, балалардың эстетикалық, когнитивтік және тәрбиелік дамуына үлес қосады.