Аңдатпа
Мақалада кәсіптік білім беруді цифрландыру тақырыбына арналған жарияланымдарды талдау негізінде педагогикалық университетте химияны оқытудың оқу үдерісіне цифрлық технологиялар мен құралдарды енгізуге байланысты төрт тенденция анықталған: аралас оқыту моделін қалыптастыру; онлайн оқытуға көшу; иммерсивті білім беру ортасын құру; толықтырылған шындық технологиясын пайдалану. Бұл тенденциялар өзара байланысты және олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасындағы жоғары химиялық-педагогикалық білім беру жүйесіне әсер етеді. Бір жағынан цифрландыру білім берудің ашықтығын, икемділігін арттыруға, химия студенттерін химияны, химиялық технологияларды және химияны оқыту әдістемесін оқыту үдерісіне тартуды арттыруға ықпал етеді. Екінші жағынан, жаңа білім беру жағдайын жасауға, оның негізгі қатысушылары арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгертетін кәсіптік химия-педагогикалық білім беру жүйесіне жаңа факторлардың енуіне әкеледі. Цифрландыру химияны оқыту процесінде ЖОО оқытушысы мен студенттің рөліне және оны оқыту әдістемесіне елеулі өзгерістер енгізеді, бұл тиісті бейімделуді талап етеді. Кәсiптiк бiлiм беруге иммерсивтi технологияларды енгiзудiң бiлiм беру және әлеуметтiк әсерлерiн жүйелеу және жоғары оқу орнында лонгитюдтiк зерттеулер жүргiзу қажеттiгi негiзделген. ЖОО-дағы болашақ химия мұғалімдері үшін аралас оқытуға иммерсивті технологияларды енгізу стратегиясына негізделген зерттеу жобасы әзірленді.