Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуларды камералдық бақылауды цифрландыру контексінде жетілдіру

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-2-253-269
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ресурстарды ашық және тиімді басқаруды қамтамасыз ету аясында мемлекеттік сатып алуларды камералдық бақылаудың цифрландыру контексіндегі дамуын кешенді бағалау, сонымен қатар сатып алу процесінің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау. Әдістері – диалектикалық және жүйелік тәсілдер, абстрактілі-логикалық, салыстырмалы және құрылымдық-функционалдық талдау; нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік электрондық базаларды және мемлекеттік сатып алу есептерін талдау; цифрлық мониторинг және тәуекелдерді сәйкестендіру әдістері арқылы камералдық бақылаудың тиімділігін бағалау. Нәтижелері – мемлекеттік сатып алулардың дайындық, өткізу және орындау кезеңдерінде камералдық бақылау үшін цифрлық құралдардың оң нәтижелері мен шектеулері анықталды; тендерлік рәсімдерді сақтау, деректердің ашықтығы және келісімшарттарды электрондық платформалар арқылы жедел бақылау мәселелері қарастырылды; сатып алу тиімділігін арттыру мақсаттары мен бюджет қаражатын нақты қайта бөлу арасындағы сәйкессіздіктер анықталды; цифрлық мониторинг пен тәуекелдерді сәйкестендірудің құрылымдық моделі әзірленді, ол мемлекеттік сатып алу платформаларымен интеграцияланған. Қорытындылары – цифрлық құралдар мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруда маңызды әлеуетке ие, барлық кезеңдерде ведомствоаралық үйлестіруді, институционалдық тәртіпті және аналитикалық қолдауды күшейту қажеттілігі айқындалды.