Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік білім беру технологиялары: когнитивтік, эмоционалдық және пәнаралық құзыреттіліктерді дамытудағы рөлі (жүйелі талдамалық шолу)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-24-37
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды білім беру технологияларының білім алушылырдың когнитивтік, эмоционалдық және пәнаралық құзыреттерін дамытудағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік білім беру технологияларының білім алушылардың когнитивтік, эмоционалдық және пәнаралық құзыреттіліктерін дамытуға ықпалын жүйелі талдамалық шолу арқылы айқындау. Зерттеу 2020-2025 жылдары Scopus дерекқорында индекстелген жарияланымдарға PRISMA нұсқаулығы негізінде жүйелі талдамалық шолу жүргізу арқылы орындалды. Бастапқы іздеу 1247 жарияланымды қамтыды. PRISMA сүзгілеу рәсімінен кейін 43 жарияланым соңғы синтезге енгізілді. Талдау адаптивті оқыту жүйелері, зияткерлік тьюторинг (ITS), аффективті есептеу технологиялары, ЖИ-сауаттылық және генеративті жасанды интеллект құралдарының білім беру нәтижелерін жақсартуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді. Аталған технологиялар оқыту сапасын арттырып, білім алушылардың эмоционалдық қолдау алуына және пәнаралық дағдыларының дамуына ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар дербестендіру, деректер құпиялығы, алгоритмдік әділдік және академиялық адалдық мәселелерінің өзектілігі айқындалды. Мақалада жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне тиімді және жауапты енгізудің негізгі қағидаттары мен практикалық ұсыныстары тұжырымдалады.