Аңдатпа
Мақала педагогикалық заманауи әдістерді физика пәнін оқыту әдістемесінде қолдануға арналған. Білім беру жүйесіндегі соңғы өзгерістердің, жаңа реформалардың мақсаты-қоғамды ақпараттандыру, жаһандану кезінде қажетті ақпаратты лезде алып, өңдеп, пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс – тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларына физика курсын оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттырудың заманауи әдістемесін қарастыру, тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Білім беру жүйесінде оқытудың репродуктивті әдісі бұрыннан қолданылған, сондықтан оны дәстүрлі әдістерге жатқызуға болады. Әдіс бұрыннан қолданылғанына қарамастан, ол үнемі жетілдіріліп отырды. Егер репродуктивті әдіс бастапқыда қандай болғанына жүгінетін болсақ, онда ол дәрістерді жинақтау және зерттелген формулаларды қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған қарапайым мәселелерді шешу түрінде қолданылды. Өзгерістер ассимиляция деңгейін арттыруға, көрнекілік құралдарын ғылыми фактілермен байланыстыруға, сондай-ақ интерактивті құралдарды практикалық сабақтарға енгізуге бағытталған бірқатар алгоритмдерді жеңілдетуге әсер етті. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру қазіргі заманғы мектептің басты талабы. Заманауи әдістердің оқушылардың қызығушылығын арттыру тұрғысынан жаңа тәсілдермен білім беруге, оқытуға әсер етуші қоғамдық факторларды ескере отырып, оқушылардың ғаламдық ақпараттар ағымында оң нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал ету болып табылады. Егер қызығушылық түсінігі компоненттерін анықтай отыра, физикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың қызығушылығы артуымен қатар білім сапасы да арттырады.