ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕШІТ САЛУ ДӘСТҮРІНІҢ ШЫҢЫРАУ КӨЗДЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51943/2788-9718_2026_29_2_890-914
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе. Мақалада Қазақстанның ортағасырлық кезеңінде салынған мешіт-медреселер зерттеудің негізгі нысаны болып отырып. Мешіттерге жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы ғылыми еңбектерге талдау жасалып, аталған кезеңдегі мешіттердің отандық тарих ғылымындағы зерттелу деңгейі талданды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық ғалымдардың ортағасырлық қалаларда жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижелеріне шолу жасап, қазып алынған мешіттердің көлемі, орналасу қалпы, аумағы турасындағы сипаттамаларға тоқталып, мешіт құрылысының ерекшеліктеріне назар аударылды. Қазақ халқының мешіт салудағы кейбір ерекшеліктерінің, аталған мешіттермен тікелей байланысы бар екенін және дәстүр сабақтастығының орнын көрсетіп дәлелдеу бұл мақаланың басты мақсаты-міндеттерін құрап отыр. Материалдар мен әдістер. Осы кезеңге дейін жарияланған отандық ғалымдардың еңбектерінде, соның ішінде монографиялар, мақалалар, ғылыми жинақтарда келтірілген материалдар көмегімен ортағасырлық қалалардың орналасу аймақтары, қазылып алынған мешіттердің сипаттамалары, табылған ғимараттардың ерекшеліктері туралы ақпараттарды деректерді саралау әдісі арқылы сарапталып, оларға берілген бағаларға аналитикалық әдістің көмегімен талдау жасалады. Қорытынды. Қазақстандық археология саласында ортағасырлық кезеңді зерттейтін мамандардың қазба жұмыстарының нәтижесінде жарық көрген әдебиеттер мен тарихнамалық деректерге талдау жасау арқылы мәселенің Отан тарихындағы зерттелу деңгейін анықтап, сараптама жасайды. Мақалада шолу жасалған мешіттердің бой көтеріліп салынуы, елімізде ислам дінің қанат жайып дамуының көрсеткіші болып табылады. Ерте ортағасырлық кезеңде мешіт салу дәстүрі қалыптасу дәуірін бастан өткізсе, орта ортағысыр кезеңінде қалалық жерлерде мешіт салу даму үрдісін көрсеткен. Кейінгі ортағасыр кезеңінде ғалымдардың зерттеулерінде, сақталған тарихи ескеркіштер мешіт-медресе салудағы үлкен бір серпілісті дамудың болғанын автор атап көрсетеді.