ЖЕТІСУ ӨҢІРІНЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА БОСҚЫНШЫЛЫҒЫ (ХХ ғ. 30 жж.)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51943/2788-9718_2026_29_2_576-590
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Кеңес өкіметі жүргізген тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, ет және астық дайындау науқандары мен зорлап отырықшыландыру саясаты қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күйретіп, елді әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Әкімшіл-әміршіл басқару жағдайында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының табиғи-тарихи ерекшеліктері ескерілмей, күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылған реформалар жаппай ашаршылық пен босқыншылыққа алып келді. Бұл босқыншылық үдерісі Жетісу өңірінде айрықша сипат алып, халықтың бір бөлігінің Қытай аумағына қоныс аударуына себеп болды. Мақсаты. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Жетісу өңірінен қазақтардың Қытайға босу тарихын кеңестік әлеуметтік-экономикалық саясаттың салдары ретінде тарихи тұрғыдан талдау және оның аймақтық ерекшеліктерін айқындау. Міндеттері. Кеңес өкіметінің тәркілеу, ұжымдастыру және отырықшыландыру саясатының мазмұны мен сипатын анықтау; Жетісу өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талдау; ашаршылық пен қуғын-сүргіннің халықтың жаппай көші-қонына ықпалын көрсету; Жетісудан Қытайға бағытталған босқыншылықтың демографиялық және тарихи салдарын саралау міндеттері қойылды. Әдістемесі. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, тарихи-демографиялық талдау, жүйелеу және қорытындылау әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңестік реформалардың аймақтық ерекшеліктерін ашуда кешенді талдау тәсілі пайдаланылды. Мақалада Жетісу өңіріндегі күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру науқандарының жүргізілу барысы, бай қожалықтарын тәркілеу, жалған айыптаулар арқылы шаруаларды қудалау, мал басының күрт азаюы мен ашаршылық салдары қарастырылады. 1930–1933 жылдардағы босқыншылық үдерісінің себептері мен бағыттары, Қытайдың Іле, аймақтарына ауа көшкен қазақтардың тағдыры тарихи тұрғыдан сараланады. Зерттеу нәтижелері қазақ халқының қасіретті кезеңінің аймақтық қырларын терең түсінуге және тарихи ақтаңдақтарды толықтыруға мүмкіндік береді. Қорытынды. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Кеңес өкіметінің жүргізген тәркілеу, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру саясаты Жетісу өңіріндегі қазақ халқының өміріне ауыр әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдар тигізді. Бұл саяси қысым халықтың жаппай босқындыққа ұшырауына, көптеген отбасының аштық пен қудалаудан қырылуына әкелді. Зерттеу нәтижелері тарихи ақтаңдақтарды ашуға, Жетісу өңіріндегі оқиғалардың аймақтық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.