АЛЬФА ҰРПАҒЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жалпы цифрландыру жағдайында өскен Альфа ұрпағы осы ұрпақтың жаңа когнитивті, әлеуметтік және мінез-құлық ерекшеліктеріне сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді айқындауға ұмтылатын зерттеушілердің ерекше назарын аударады. Мақала Альфа ұрпағына бағытталған оқыту мен кәсіби даярлыққа қатысты ғылыми зерттеулерді анықтауға арналған жүйелі әдеби шолуды ұсынады. Мақаланың зерттеу мақсаты мектеп және жоғары білім беру жүйесінде Альфа ұрпағын оқытуға және дайындауға арналған педагогикалық зерттеулердің жағдайы мен бағыттары туралы жүйелі түсінік беру болып табылады. Зерттеу PRISMA әдіснамасына сәйкес жүргізіліп, талдаудың жүйелілігі мен айқындығын қамтамасыз етті. Іздеу нәтижесінде 2018-2025 жылдар аралығында Scopus және Web of Science ғылыми-метрикалық базаларында жарияланған 591 ғылыми зерттеу жұмыстары анықталды. Іріктеу, шығару және сапаны бағалау критерийлерін қолданғаннан кейін мазмұндық талдауға, соңғы іріктелген 28 жарияланым таңдап алынды. Жүйелі шолу нәтижесінде Альфа ұрпағын оқытуға қатысты зерттеулердің басым мазмұндық бағыттары сараланды. Алынған нәтижелер тақырыптың эмпирикалық тұрғыдан жеткілікті зерттелмегенін көрсетіп, осы салада пәнаралық бағыттағы әрі қарайғы зерттеулер жүргізудің қажеттілігін растайды.Нәтижелер Альфа ұрпағын оқытуға арналған педагогикалық зерттеулердің белсенді қалыптасу кезеңінде екенін көрсетеді. Таңдалған жұмыстарда ұсынылған білім беру стратегияларының әртүрлілігіне қарамастан, эмпирикалық мәліметтердің шектеулілігі байқалады. Альфа ұрпағының білім беру қажеттіліктерін тереңірек түсіну үшін теориялық тәсілдерді әрі қарай нақтылау және пәнаралық талдауды кеңейту қажеттілігі көрсетіледі. Жүргізілген шолу педагогикалық ғылымның даму үрдістерін түсінуге және болашақ зерттеулердің перспективалық бағыттарын айқындауға ықпал етеді.