ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОСЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ: БЕКЕН ЫБЫРАЙЫМНЫҢ «УРАН КЕНІШІ» ЖӘНЕ «SOS БЕЛГІСІ» ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.348
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жазушы Бекен Ыбырайымның «Уран кеніші» және «SOS белгісі» әңгімелері экосын (экокритика) тұрғысынан талданады. Зерттеу аталған шығармалардағы адам мен табиғаттың қатынасын, экологиялық апат және ресурс өндірудің әдеби көрінісін Бьюэлл, Гаррард және Никсон сияқты әлемдік жетекші экосыншылардың теориялары аясында қарастырады. Зерттеудің мақсаты – экокритика ғылымының зерттеу нысаны мен зерттеу сұрақтарын анықтау, қазақ жеріндегі экологиялық мәселелерді экосын тұрғысынан талдау, әлемдік экологиялық мәселелермен салыстыру. Мақалада «баяу зорлық» (slow violence) концепциясы және экологиялық әділеттілік теориясы басты аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Салыстырмалы экосын бағытында Бекен Ыбырайымның әңгімелері нигериялық жазушы Кен Саро-Виваның Shell компаниясының мұнай өндіруіне қарсылықтан туған прозасымен және Роб Никсонның «Баяу зорлық-зомбылық және кедейлердің қоршаған ортаға әсері» атты еңбегі көтерген экологиялық мәселелермен салыстырылады. Зерттеу нәтижелері Бекен Ыбырайым әңгімелерінің жаһандық экологиялық прозамен үндес екенін, сонымен бірге бұл әңгімелерде қазақтың ұлттық болмысы мен далалық табиғатқа деген ерекше байланыстың сақталғанын дәлелдейді. Мақала қазақ әдебиетіндегі экосынға арналған зерттеулердің дамуына теориялық үлес қосуды мақсат етеді. Болашақ экологиялық тақырыптарды Шнайдер-Мейерсонның эмпирикалық экосын тұжырымдамасы тұрғысынан, яғни оқырман реакциясы мен экологиялық сана қалыптастырудағы эмпирикалық экосынның ықпалы тұрғысынан зерттеуді ұсынады.