БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ физика мұғалімдерін даярлауда инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы эксперименттік құзыреттілікті дамыту мәселелері қарастырылады. Зерттеу болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттік құзыреттілігін дамытатын инновациялық тәсілдерді анықтау және эмпирикалық зерттеу барысында олардың тиімділігін растау мақсатында жүргізілді. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары: болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттік құзыреттілігіне қатысты мәселелерді теориялық және әдістемелік негіздеу; студенттердің бастапқы дайындық деңгейін диагностикалау; университет білім беру үдерісін жобалау; оқытуды ұйымдастыру және ұсынылған үлгінің тиімділігін тексеру болып табылады. Біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі зерттеушілердің теориялық ұстанымдары мен физика мұғалімдерінің практикалық қызметі арасындағы тығыз өзара әрекеттестікке негізделген. Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің кешені қолданылды. Ғылыми әдебиеттерді, нормативтік-құқықтық және отандық пен халықаралық мақалалар базалары мұқият зерделеу жүргізілді, сауалнамалар мен тестілеуді қамтитын сауалнама рәсімдеріне негізделген педагогикалық эксперимент өткізілді. Инновациялық тәсілдерге негізделген болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттік құзыреттілігін дамыту жүйесін әзірлеу үшін жобалық тәсіл қолданылды. Оның қажеттілігі сарапшылармен расталды. Студенттерді диагностикалау нәтижелері эксперименттік топтағы болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттік құзыреттілігін қалыптастыруға инновациялық тәсілдердің жоғары тиімділігін көрсетті. Корреляциялық талдау эксперименттік құзыреттілік пен өзін-өзі ұйымдастыру арасындағы күшті байланысты және топтық жұмыспен орташа байланысты растады. Инновациялық тәсілдерге негізделген эксперименттік құзыреттілікті дамытудың әзірленген жүйесі педагогикалық ғылым үшін теориялық тұрғыдан маңызды. Оны білім беру үдерісінде енгізу мектептерде эксперименттер жүргізу саласында білікті кадрларды даярлаудың практикалық тұрғыдан негізделген және жоғары тиімді тәсілі болып табылады.