ҚАЗАҚ АНИМАЛИСТІК ПРОЗАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.351
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ анималистік прозасының зерттелу мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ анималистік прозасының зерттелу тарихын, ерекшеліктерін және оның ұлттық әдебиеттану ғылымындағы орнын анықтау. Қазақ халық ауыз әдебиетінен бастау алатын анималистік прозаның зерттелу тарихына байланысты еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымында аз десек артық айтқандық емес. Осы мәселелерді ескеріп, аталған тақырыпта зерттеу жұмысын жазу мәселесі бұл мақаланың мақсатын айқындайды. Аталған мақсатқа сай, төмендегідей міндеттер белгіленді: анималистік прозасының қалыптасу, зерттелу мәселелерін саралау; фольклорлық-тотемдік мотивтердің көркемдік, аксиологиялық қызметін пайымдау; зерттеу нәтижелерін теориялық, ғылыми тұрғыда айқындау. Мақаланың ғылыми жаңалығы – анималистік прозадағы мистикалық, фольклорлық және тотемдік мотивтердің өзара байланысы мен сабақтастығын ұлттық әдебиеттану контексінде кешенді түрде қарастыруында. Мақалада қазақ анималистік проза жанрының эволюциясы, мотивтердің тарихи трансформациясы, ұлттық мәдениеттегі орны сараланады. Зерттеу қорытындылары анималистік прозаның көркемдік, теориялық, тәрбиелік, дидактикалық және аксиологиялық қызметін айқындайды. Қорытындылар қазақ анималистік прозасының тарихи дамуы мен хронологиялық эволюциясын, сондай-ақ оның зерттелу мәселелерін ескере отырып жасалған. Мақаланың нәтижелері мен ғылыми тұжырымдарын қоғамдық ғылымдар салалары бойынша өткізілетін курстар мен семинарларда, әдебиеттану, мәдениеттану, фольклор, философия, педагогика, этнография және тағы басқа бағыттағы зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Зерттеу мақала қазақ анималистік прозасын заманауи ғылыми тұрғыдан зерделеуге бағытталып, экологиялық сана, этномәдени код, аксиологиялық жүйе мәселелерін талдауға, түсінуге мүмкіндік береді.