БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚҰРУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.041
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамыту мәселесі ерекше өзекті. Зерттеу пәнаралық білім беру жобаларының осы жастағы балалардың креативтілік қабілеттерін қалыптастыруға әсерін жан-жақты талдауға бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты-бастауыш сынып оқушыларында шығармашылықты дамыту құралы ретінде пәнаралық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалау. Мақала білім беру үдерісіндегі пәнаралық жобалардың рөлі туралы жаңа ғылыми түсінік қалыптастырады және педагогика мен психология салаларына айтарлықтай үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мұғалімдер мен білім беру ұйымдары үшін тиімді әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері оқу сапасын жақсартуға және оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.Мақалада ғылыми әдебиеттерді жан-жақты талдауға, сондай-ақ шетелдік елдердің сәтті пәнаралық жобаларын мазмұнындық талдауға негізделген сапалық және сандық зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеу барысында шетелдік тәжірибелерді талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамытуға ықпал ететін пәнаралық жобалардың тиімділігін қамтамасыз ететін 7 негізгі фактор анықталды: білімді интеграциялау, сыни ойлауды дамыту, практикалық бағыттылық, шығармашылық еркіндік, пәнаралық құзыреттілік, оқу мотивациясы және ынтымақтастыққа негізделген жұмыс. Сонымен қатар бастауыш мектеп жағдайында қолдануға ұсынылған «Экологиялық зерттеу» және «Уақыт капсуласы» жобаларының құрылымы даярланды. Алынған қорытындылар білім беру бағдарламасына жобаларды енгізудің шығармашылықты ынталандыру және бастауыш сынып оқушыларын инновациялық қызметке дайындау үшін маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу пәнаралық жобалар бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалай тиімді дамыта алатынын көрсете отырып, педагогикалық ғылымдары саласына маңызды үлес қосады. Зерттеу нәтижелері білім беру мекемелеріне білім беру процесінде пәнаралық жобаларды енгізу және тиімді пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар береді, бұл білім беру сапасын жақсартуға және оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.