АССОЦИАТИВТІК СӨЗДІКТЕР: ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛ ЖИНАУ ПРИНЦИПТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.60
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ассоциативтік сөздіктердің тіл үйрету үдерісіндегі маңызы мен оларды жасау принциптері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеріп жатқан түркітілдес аудитория үшін ассоциативтік сөздік құрастырудың ғылыми-әдістемелік негізін анықтау. Ассоциативтік сөздіктер – адамның санасындағы сөздер арасындағы мағыналық, эмоционалдық және мәдени байланыстарды сипаттайтын маңызды лексикографиялық құрал. Олар тіл үйренушінің сөздік қорын кеңейтіп, тілдік ассоциациялар арқылы жаңа лексиканы тиімді меңгеруіне ықпал етеді. Зерттеу барысында А1 деңгейіне сәйкес оқулықтар мен оқу құралдарынан 32 стимул сөз іріктеліп алынып, түркітілдес студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері респонденттердің жас, жыныс, тілдік орта сияқты факторларына байланысты ассоциативтік реакцияларында айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Бұл деректер тіл үйренушілердің когнитивтік бейнесін ашуға және тіл үйретудің дараланған әдістемелерін жасауға негіз бола алады. Мақалада сондай-ақ қазақ тілінің лексикалық өрісін кеңінен қамтитын қосымша стимул сөздер ұсынылып, ассоциативтік материал жинаудың мәдени және лингвистикалық қырлары сипатталады. Бұл зерттеу нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруде, сондай-ақ когнитивтік лингвистика мен психолингвистикалық зерттеулерде практикалық маңызға ие.