БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3135-6877.150
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесін автоматтандыру мәселелері, автоматтандырудың теориялық, әдіснамалық және практикалық аспектілері қарастырылды. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі – білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі компоненті. Қазіргі кезеңде бағалау жүйесінде теориялық сәйкессіздік, психометриялық әлсіздік және цифрлық трансформацияның жеткіліксіздігі байқалады, құзыреттілікке негізделген тәсіл жағдайында бағалаудың объективтілігі, сенімділігі басты ғылыми проблемаға айналып отыр. Қазіргі цифрландыру жағдайында білім сапасын объективті, ашық және жедел бағалау қажеттілігі артып отыр, бағалау жүйесін жетілдіру үшін ғылыми негізделген, статистикалық дәлелденген және цифрлық технологиялармен интеграцияланған кешенді модель қажет. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін автоматтандыру – оқыту сапасын арттырудың, білімді объективті бағалаудың және оқу процесін тиімді басқарудың маңызды бағыты болып табылады. Автоматтандырылған бағалау жүйелері білім алушылардың білім, білік және дағды деңгейін жедел, дәл және ашық түрде анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында бағалау сапасының көрсеткіштері талданды, бағалау нәтижелерінің сенімділік коэффициенттері, дисперсиялық көрсеткіштері және өлшеу қателігі сипатталды, бағалау жүйелерін автоматтандырудың теориялық негіздері талданып, бағалау процесін автоматтандырудың моделі ұсынылды. Сонымен қатар, автоматтандырылған бағалау алгоритмі, деректерді өңдеу әдістері және тиімділік көрсеткіштері сипатталды. Зерттеу нәтижелері автоматтандырудың бағалау дәлдігін арттырып, уақыт шығындарын азайтатынын және академиялық адалдықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын көрсетті.