ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘРЕКЕТТІҢ АЯҚТАЛУ АСПЕКТУАЛДІЛІГІ КАТЕГОРИЯСЫН КОГНИТИВТІ-ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.2.81.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тіліндегі әрекеттің аяқталуын білдіретін -ып таста / -ып қал / -ып сал / -ып біт аналитикалық форманттарының қызметі когнитивті-дискурстық тұрғыда талданады. Әрекеттің аяқталу аспектуалділік категориясы сөйлеушінің таным әрекетімен, коммуникативтік жағдаятпен және сол жағдаяттың дискурстағы тілдік көрінісімен жүйелі байланыста жүзеге асатын күрделі концепт ретінде қарастырылады.Зерттеудің мақсаты – әрекеттің аяқталу аспектуалділігі концептісін жеткізетін аналитикалық форманттардың семантикалық ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу міндеттеріне қазақ тіліндегі аспектуалділік категориясын сипаттайтын ғылыми теорияларды талдау; әрекеттің аяқталуы аспектуалділігін бейнелейтін аналитикалық форманттардың семантикалық айырмашылықтарын когнитивті-дискурстық талдау негізінде жіктеу енеді.Зерттеуде фреймдік-семантикалық, дискурстық талдау, сипаттау, компонентті талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңызы қазақ тіл білімінде когнитивті грамматиканы дамытудан, қазақ тілін оқытудың лингводидактикасын жаңа тілдік мәліметтермен толықтыруынан көрінеді. Аналитикалық форманттар қызметі синтаксистік тұтастықта алынып, әрекеттің аяқталу аспектуалділігі концептуалды құрылымы субъект, әрекет, уақыт, орын, себеп, психологиялық қалып, мақсат және оқиға динамикасы сынды фреймдерге жіктелді. Әр аналитикалық форманттың тілдік қолданысына фреймдік-семантикалық, дискурстық талдау жасалды.Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары: әрекеттің аяқталу аспектуалділігінің әртүрлі сипатын анықтайтын фактор – дискурс екені нақтыланды. Зерттеу нәтижесі оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар, субъектінің эмоциялық-психологиялық күйі, оның бағалауы, оқиғаның даму қарқыны формант түрін, оның мағыналық ерекшелігін сипаттайтын маңызды факторлар екенін айқындады. Әрекеттің аяқталу, үзілу, кенет жүзеге асу немесе әрекеттің толық бітпеуі тәрізді аспектуалді реңктердің семантикалық құрылымына фреймдік талдау жасалды.Зерттеу құндылығы: когнитивті-дискурстық талдау қазақ тіліндегі әрекеттің аяқталу аспектуалділігінің күрделі концептуалдық табиғатын, оның дискурстық және когнитивтік негіздерін тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңызы қазақ тіл білімінде аспектуалділік категориясы туралы қалыптасқан түсінікті функционалды-семантикалық, когнитивті-прагматикалық тұрғыдан кеңейтеді. Когнитивті-дискурстық талдау әдісін қолдану тәжірибесі қазақ тіл білімінің теориялық әдіснамасын байытады.