АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІН ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.2.81.034
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің қытай тіліне аудару барысында ұлттық-мәдени концептілердің трансформациялану үдерісі лингвомәдени және аударматанымдық тұрғыдан жан-жақты қарастырылады. Абай мұрасының көркемдік-эстетикалық табиғаты мен дүниетанымдық-философиялық тереңдігі қазақ халқының рухани-этикалық құндылықтарымен, тарихи-мәдени тәжірибесімен және ұлттық болмысымен өзара тығыз байланысты. Сол себепті ақын қарасөздерін қытай тіліне аудару тек тілдік сәйкестікті қамтамасыз ету міндетімен шектелмей, түпнұсқадағы мәдени-символдық мазмұнды мүмкіндігінше дәл әрі көркем жеткізуді талап етеді. Алайда бұл мазмұнның аудармада берілу ерекшеліктері жеткілікті деңгейде нақты талданбаған, бұл зерттеудің өзектілігін айқындайды.Зерттеудің мақсаты – ұлттық-мәдени концептілердің трансформациялану тетігін түсіндіру және түпнұсқадағы мәдени-символдық мәндердің аудармада қалай сақталатынын, қысқаратынын немесе қайта құрылатынын көрсету.Осы мақсатта «ұлттық-мәдени концепт» ұғымының теориялық негіздері айқындалып, Абай қарасөздеріндегі негізгі мәдени кодтардың қытай тіліндегі аудармаларда қандай өзгеріске ұшырайтыны нақты мәтіндік деректер негізінде талданады.Эмпирикалық база ретінде Абайдың қарасөздері мен олардың қытай тіліндегі аудармалары алынып, прагматикалық шешімдердің мәтінді қабылдауға, эстетикалық әсерге және мәдени мағыналардың сақталуына ықпалы қарастырылады.Автор эквиваленттік аударма, мәдени реалияларды түсіндірмелі интерпретациялау, транслитерация және мәдени бейімдеу сияқты аударматанымдық әдістердің тиімділігі мен шектеулерін жүйелі түрде талдайды. Аудармашылардың қолданған стратегияларының мәтіннің қабылдануына, эстетикалық әсеріне және мәдени мағыналардың сақталуына ықпалы жинақталып көрсетіледі.Зерттеудің ғылыми нәтижесі – Абайдың қарасөздеріндегі ұлттық-мәдени мазмұнды дәл әрі мағыналық тұрғыдан толық жеткізу қытай оқырманының мәтінді терең түсінуіне жағдай жасайтыны, ал түпнұсқаның көркемдік болмысын сақтау ғылыми негізделген бейімдеу тәсілдерін қажет ететіні анықталды. Қытай тіліндегі нұсқаларға сүйенген мәтіндік талдаулар ұлттық-мәдени концептілердің трансформациясы мәдени дистанция, ұғымдық сәйкессіздік және семантикалық астардың көмескіленуі не қайта құрылуы сияқты факторлармен тікелей байланысты екенін көрсетті. Ғылыми маңыздылығы – ұлттық-мәдени мазмұнның аудармадағы өзгерісін лингвомәдени және аударматанымдық тұрғыдан жүйелеу.Практикалық құндылығы – аудармашыларға мәдени реалияларды беру, түсіндірме беру ауқымын таңдау, аударма сапасын арттыру және Абай мәтіндерінің эстетикалық тұтастығын сақтауға әдістемелік негіз беру.