Т. ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «АТАЙЫ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ФАНТАСМАГОРИЯ ЖӘНЕ АВТОР ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ДЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.2.81.041
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада постмодернистік әдебиеттану аясында берілетін фантасмагориялық, интермәтінділік, «автор өлімі» әдістердің қолданылуы сөз болады. Алдымен психологиялық, әдебиеттану тұрғысынан теориялық негіздемесі қарастырылып, «бірегейлік», «ұлттық сана», «халықтық таным» түсініктері зерделенеді. Осы мақсатта қазіргі қазақ әдебиетіндегі аталған бағытты берік ұстанған жазушы Т.Әсемқұловтің «Атайы» әңгімесі зерттеу нысанына алынып, оның «аллегориялық әңгіме» жанрында жазылған шығармасы кеңінен талданады. Әдебиеттану тұрғысынан салыстырмалы-тарихи, символдық-архетиптік, интермәтінділік, концептуалдық, герменевтикалық талдаулар негізінде контенттік, сапалық-сандық зерттеулер жүргізіледі. Мақаладағы жанрлық трансформация, абсурдтық идея, авторлық концепция мен симуляция, «автор өлімі» ұғымдарына семиотикалық бағытта түсінік беріледі. Әңгімедегі постирония, архетип, мифореставрация, мифтік таным, аллегориялық тәсіл, этиологиялық нышан постмодерннің басты талабы ретінде алына отырып, неоромантикалық, неофантастикалық бағыттағы утопиялық мәніне сәйкес келетін идея талқыланады және ұлттық код тұрғысынан қарастырылады. Әдебиеттегі аллегория жанры – жануарлар жайын ғана емес, жалпыадамзаттық мәселелерді астыртын жеткізудің тәсілі. Осыған сәйкес аллегориялық әңгіме жанры мақаланың теориялық және практикалық маңызын көрсетеді. Зерттеу ғылыми маңызы – қазіргі қазақ прозасындағы аллегориялық әңгіме жанрының жалпыадамзаттық, ұлттық тақырыптарды айқындалуымен байланысты. Зерттеудің практикалық маңызы – алынған нәтижелерді қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы туралы курстарда, ХХІ ғасырдағы әдеби үдерісті талдау мен оқытуда қолдануға арналған. Адамзаттың болмысын сатиралау фантасмагория әдісі арқылы жүзеге асқан «Атайы» әңгімесі – бірнеше құрылымда, бағытта, сипатта анықталатын аллегориялық әңгіме. Бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы саласында айтулы үлесін қосып, бүгінгі әдеби тенденциядағы құбылыстар, терминдер туралы түсініктерімізді кеңейтеді.