Цифрлық технология құралдарын қолдану негізінде бизнес-үрдістерді оңтайландыру

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2026.2(63).14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бизнестің белсенділігін цифрлық трансформация және заманауи бәсекелестік жағдайында өзгерістерге сай басқаруға негіз болатын цифрлық технологиялар мен олардың құралдарының маңызы қарастырылады. Бизнес үшін цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктер жасауға, қолданыстағы үрдістерді оңтайландыруға, бизнестің стратегиясын, модельдерін және операцияларын қайта қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және олардың жаһандық өзгерістерге бейімделуіне жағдай жасайды. Цифрлық технология құралдарын қолдану арқылы бизнес-үрдістерді басқаруға негізделген ұсыныстар беру зерттеу жұмысының мақсаты ретінде айқындалады. Бизнес-үрдістерді түрлендіру құралы ретінде айқындалатын цифрлық технологияның құралдары ондағы қызметті тиімді басқаруға ықпал етіп, өзгермелі жағдайда шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Олардың үрдістер үшін экономикалық тиімділігі негізгі қаржылық көрсеткіштердің артуымен, операциялық шығындардың қысқаруымен, уақытты үнемдеу кезіндегі өнімділіктің ұлғаюымен, адам факторынан болатын қателерді жою есебінен болатын шығынның алдын алумен, әрбір жаңа клиентті тартуға кететін шығындардың азаюымен және конверсияның артуымен байланысты болып, нәтижесінде пайданың, өсімнің және рентабельділіктің ұлғаюымен айқындалады. Кез-келген бизнестің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтер жиынтығынан тұратын цифрлық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылатын бизнес инфрақұрылымын құру моделі мақалада авторлармен құрастырылған блок-схема түрінде ұсынылады. Онда негізінен ақпараттық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, телекоммуникациялық желілерді дамыту қызметтерін айқындаудың маңыздылығы қарастырылған. The article examines the importance of digital technologies and their tools, which serve as the basis for managing business activities in the context of digital transformation and modern competition in accordance with the changes. For businesses, digital technologies allow them to create new opportunities, optimize existing trends, review business strategies, models, and operations, and create conditions for their adaptation to global changes. The purpose of the research is to provide recommendations based on business process management using digital technology tools. Digital technological tools, defined as means of transforming business processes, contribute to the effective management of their activities and allow them to make decisions in changing conditions. Their cost-effectiveness for processes is determined by increasing key financial indicators, reducing transaction costs, increasing productivity by saving time, preventing losses by eliminating errors caused by the human factor, reducing the cost of attracting each new customer and increasing conversions, which, as a result, increases profits, growth rates and profitability. The model of building a business infrastructure, implemented using digital technology tools, consisting of a set of elements that ensure the functioning of any business, is presented in the article in the form of a flowchart compiled by the authors. It mainly examines the importance of defining information tools, software, and services for the development of telecommunications networks.