ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2026.2(63).29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада еліміздің туризм инфрақұрылымын дамытудың маңызын ашу мақсатында қазіргі жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларға талдау жасау арқылы мәселелерін нақтылау және дамытудың қажеттігінің стратегиялық бағыттарын ұсыну қарастырылды. Туристік сала экономиканы әртараптандыруда маңыздылығын ескере отырып, зерттеудің өзектілігі өңірлік туризмді дамытудың қажеттігінің салааралық және әлеуметтік-экономикалық стратегиялық маңызымен түсіндіріледі. Туризмнің дамуы туристік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Оның ішінде инфрақұрылымның дамуындағы оның элементтерін зерттеуде орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, ақпараттық және басқада салааралық зерттеуге бағытталады. Инфрақұрылымның құрылымдық көрсеткіштері тұтастай дамуын сипаттайтын көрсеткіштерге кері әсерін тигізеді. Инфрақұрылымның жалпы дамуы туристердің туристік нысандарға қолжетімділігін арттырып, әсерлі демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дегенмен біздің елімізде зерттеуге негіз болып отырған мәселелерде туристердің көлік қызметін тұтынуға 49%, тауар сатып алуға 15,2%, орналастыруға 10,4%, тамақтануға 9,4% жұмсайтындығы анықталды. Туристердің туристік нысандарға баруға және туристік қызметтерді тұтынуға жұмсайтын шығындарымен салыстырғанда, туризм инфрақұрылымымен байланысты туристік қызметтерге жұмсалған шығындардың басым екені байқалды. Мақалада аталған туризм инфрақұрылымның дамуына әсер ететін факторлары мен перспективалары ұсынылды. Елімізде өңірлік туризм нысандарына қолжетімділікті туризм инфрақұрылымы арттырады. Туристік қызметтердің ұсынылуы туризм инфрақұрылымымен тығыз байланысты. Туризм саласындағы тұтынушылардың қажеттіліктері мен әсерлі демалыстарын ұсынуда елеулі рөлге ие. Өңірлік туризмнің дамуында инфрақұрылымның кері әсерін және оны жетілдіру тетіктерін ұсыну зерттеудің нәтижесі маңызды. In this article, we analyze the current state of the issue, examine the factors influencing it, and propose strategic directions for its development to highlight the importance of developing the country's tourism infrastructure. Given the importance of the tourism industry for economic diversification, the relevance of this study is explained by the interdisciplinary and socioeconomic strategic significance of the need to develop regional tourism. Tourism development is closely linked to the development of tourism infrastructure. Specifically, the study of its elements in infrastructure development focuses on interdisciplinary research in the fields of accommodation, transportation, catering, information, and other services. Structural indicators of infrastructure have a negative impact on indicators characterizing its overall development. General infrastructure development allows tourists to expand access to tourist attractions and ensure an enjoyable vacation. However, in our country, it has been established that tourists spend 49% on transportation services, 15.2% on purchasing goods, 10.4% on accommodation, and 9.4% on food. It was noted that, compared to tourist spending on visiting tourist sites and consuming tourism services, expenditure on tourism services related to tourism infrastructure predominates. The article presents the factors and prospects influencing the development of this tourism infrastructure. Tourism infrastructure increases the accessibility of regional tourism sites in our country. The provision of tourism services is closely linked to tourism infrastructure. It plays a significant role in satisfying consumer needs in the tourism sector and ensuring an effective vacation. The results of the study are important for identifying the negative impact of infrastructure on the development of regional tourism and proposing mechanisms for its improvement.