ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «БЕКТОРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» ӘҢГІМЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp229-243
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тәуелсіздік кезеңінен бергі қазақ әдебиетіндегі көркемдік үдерістер ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты. Мифтік образдың жаңаша интерпретациясы, урбанизация, нарықтық қатынастардың орнығуы және құндылықтар жүйесінің ауысуы әдеби мәтіндегі адам болмысының бейнелену сипатына ықпал етті. Ұлттық дүниетаным мен қазіргі әлеуметтік шындық «Бекторының қазынасы» әңгімесінде бір-бірімен қақтығысады. Таласбек Әсемқұлов көне мифтік бейнені бүгінгі қала өмірінің ішіне енгізіп, адам таңдауының қаншалықты төмендеп кеткенін көрсетеді. Сондықтан зерттеу мақсаты - «Бекторының қазынасы» әңгімесінің көркемдік және идеялық табиғатын ашу, ондағы негізгі мағыналық қабаттарды нақты талдау. Әсіресе Бекторы образының дәстүрлі мифтік сипаттан шығып, урбанистік кеңістіктегі психологиялық әрі әлеуметтік символға айналуы маңызды. Зерттеудің бағыттары мен идеяларына мифопоэтикалық, интертекстуалдық, нарратологиялық және концептуалдық талдау қолданылды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы шығарма қазіргі қазақ қоғамындағы моральдық іркілісті, еркіндік пен жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті бейнелейтін әлеуметтік-философиялық мәтін ретінде қарастырылды. Мұнда «жүрек» жай ғана сезім атауы емес, ақша, мансап және адамдық қалпын сақтау арасындағы таңдаудың белгісі. Іс жүзінде әңгіменің қуаты оқиға желісінде ғана емес, оқырманды өз таңдауына қайта қарауға мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылығы тәуелсіздік кезеңі қазақ прозасын оқытуда, көркем мәтінді терең талдау үдерісінде және мифтік образдардың қазіргі әдебиеттегі қызметін түсіндіруде қолдануға келеді. Зерттеу нәтижесінде әңгіме адамдық жауапкершілік, еркіндік және моральдық таңдау мәселелерін тек теория емес, нақты рухани сынақ ретінде көрсетеді. Зерттеудің құндылығы осы себепті «Бекторының қазынасы» әдеби мәтін ғана емес, бүгінгі адамның ар-ұжданымен бетпе-бет келетін кеңістік ретінде айқындалады.