КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2026.2(63).42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көлік саласының тиімді жұмыс істеуі ел экономикасын қайта құрудың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Көлік инфрақұрылымы объектілеріне қажеттілік артып, бюджеттік шектеулер күшейген жағдайда МЖӘ мемлекеттік қазынаға түсетін салмақты азайтудың басты құралы ретінде қаралды. Қазіргі кезде кең тараған мемлекеттік-жеке әріптестік – қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Мемлекет объектіні салуға толық бюджет бөлмейді - орнына жеке инвестор тартылады, ал шығын мен пайда келісілген шарттар бойынша бөлінеді. Мемлекет инвестиция тартып, инфрақұрылым алады, жеке серіктес – өзінің қаражатын қорғап объектіні пайдалану кезіндегі кірісті алады. Дүние жүзінде осы модель арқылы жүздеген инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Зерттеу аясында көлік инфрақұрылымы жобаларына тән сан алуан қауіптер жүйеленіп, оларды серіктестер арасында оңтайлы бөлу тетіктері қарастырылды. Зерттеу барысында ақпараттық-аналитикалық әдіс пен графиктік құралдар қолданылды. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне әдебиеттік шолу жасалып, МЖӘ жобаларының тиімділігін бағалаудың тәсілдері мен заңнамалық ережелер зерделенді. Талдау нәтижесінде көлік-инфрақұрылымдық МЖӘ жобаларында тәуекелдерді басқарудың кешенді процесі ұсынылды және мемлекет пен жеке бизнес арасындағы тәуекелдерді бөлу кестесі қалыптастырылды. Көлік жобаларының сәтсіздікке ұшырауы немесе инвесторлар қызығушылығының төмен болуы тікелей жауапкершіліктің нақты бөлінбеуінен туындайтыны анықталды. Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жоба — Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) кейсіне талдау жасау арқылы жер және қаржылық тәуекелдерді заңнамалық деңгейде оңтайлы бөлудің маңыздылығы көрсетілді. Ұсынылған тәуекелдерді бөлу матрицалары мен қорытындылардың маңыздылығы - олар болашақ МЖӘ жобаларын жоспарлау кезеңінде қателіктерді азайтуға және бюджет шығындарын барынша азайта отырып, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының мультипликативті әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. The efficient functioning of the transport industry is one of the main conditions for the reconstruction of the country's economy and improving the quality of life of the population. In the context of the growing demand for transport infrastructure facilities and tightening budget constraints, PPP was considered as the main tool to reduce the burden on the state treasury. Currently, widespread public-private partnerships are one of the most effective mechanisms for implementing socially significant projects. The government does not allocate a full budget for the construction of the facility -instead, a private investor is involved, and costs and profits are distributed according to agreed terms. The state attracts investments, receives infrastructure, and the private partner receives income from the operation of the facility, protecting its funds. Hundreds of infrastructure projects have been implemented worldwide using this model. The study systematizes the various risks inherent in transport infrastructure projects, and examines the mechanisms for their optimal distribution between partners. The study used an information-analytical method and graphical tools. A literary review of the works of domestic and foreign scientists has been conducted, approaches to assessing the effectiveness of PPP projects and legislative provisions have been studied. As a result of the analysis, a comprehensive risk management process in PPP transport and infrastructure projects was proposed and a schedule for the distribution of risks between the state and private business was formed. It was found that the failure of transport projects or the low interest of investors is directly caused by the actual division of responsibility. After analyzing the case of a major infrastructure project in Kazakhstan, the Great Almaty Ring Road (BAKAIS), the importance of optimal allocation of land and financial risks at the legislative level was demonstrated. The importance of the presented risk distribution matrices and conclusions lies in the fact that they make it possible to minimize errors at the planning stage of future PPP projects and ensure a multiplicative effect of government-business interaction while minimizing budget expenditures.