ӘДЕБИ ТУЫНДЫДАҒЫ ЭМОЦИЯНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ-БАҒАЛАУЫШТЫҚ СИПАТЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp243-256
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада әдеби туындының көркемдік кеңістігі мен эмоция категориясының эстетикалық сипаты қарастырылады. Эстетикалық түсініктің табиғи және әлеуметтік тұрғыда кемелденуі адамзат тарихымен ажырағысыз сабақтастықта екені дәлелденеді. Сол сияқты адамның тұрмыс-тіршілігіндегі, рухани дүниесіндегі өзгеріс, өнер түрлерінің пайда болуы, салт-дәстүр арқылы мәдени көріністердің орнығуы, қоршаған ортаға деген бағалауыштық-эстетикалық қабылдаудың тууына әкелгендігі айқындалады. Зерттеудің өзектілігі эстетиканың макроөрісі адам, қоғам, мәдениетті біріктіріп, адамзаттың рухани құндылығын жүйелеп отыратындығын негіздеуінен көрінеді. Зерттеу барысында әдеби шығармадағы эмоциялық ерекшеліктерді айқындайтын аспектілер талданып, оның эстетикамен байланысы ашылады. Атап айтқанда, әдебиеттің болмысы, шығармашылық, көркемдік-бейнелі ойлау ерекшелігі, суреткердің әлемді көркем қабылдау сипаты, бағалаудың объективтілігі пен субъективтілігі нақты поэтикалық туындылар арқылы эстетиканың полуфункционалды аспектісі айқындалады. Бұл ретте көркем шығарманы құрылымдық талдау басшылыққа алынып, мәтіннің идеялық, мәдени, көркемдік, стильдік (лексика-семантикалық) ерекшеліктері, эмоционалдық және рационалдық сана құбылысы дәйектеледі. Нәтижесінде қоғамдық-мәдени эволюцияның әрбір жаңа сатысында адам баласы айналасындағы құбылыстардың көзге көрінетін заттық пішінінен басқа, эмоцияға ықпал ететін ішкі мазмұнын байқап, түсіне бастауының екі аспектісі ашылады. Олар: адамның сезімдік-эмоционалдық күйі қоршаған ортаның құбылыстарын негізгі эстетикалық бағалауыштық деңгейде: тұтастық, жетілу, жарасым, көркемдік түрде тануға жетті; адамзаттың білімі толыққан сайын ол неғұрлым кемел, жетілген дүниені орнықтыруға мүмкіндік алды.