Аңдатпа
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ САПАСЫНА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ ӨСУІНІҢ ӘСЕРІМұғалім жалақысы өссе -білім сапасы да өседі ме? Осы сұрақ бізді зерттеу жүргізуге итермеледі.Қазақстанда мұғалімдер еңбекақысы мен оқу нәтижелерінің байланысын инфляция өзгерісін есепке ала отырып зерделеген жұмыс өте аз екені жасырын емес.Зерттеу болжамы: жалақыны мақсатты арттыру адами капитал сапасын жақсартуға ықпал ете алатын маңызды факторлардың бірі болуы мүмкіналайда жалғыз фактор ретінде қарастырылмайды.Зерттеудің әдістемелік негізі.Үш тәсіл кешенді пайдаланылды: салыстырмалы-аналитикалық, статистикалық және корреляциялық талдау.Бастапқы ақпарат көздері -ҚР БҒМ ресми мәліметтері, Бюро ұлттық статистикасының 2014-2025 жылдарға арналған есептері, ЭЫДҰ PISA бағдарламасының нәтижелері (2012)(2013)(2014)(2015)(2016)(2017)(2018)(2019)(2020)(2021)(2022), Дүниежүзілік банктің білімдегі индикаторлары.Он екі елді қамтыған салыстырмалы зерделеуде Пирсон корреляция коэффициенті есептелді.Мұғалімдер жалақысының нақты сатып алу мүмкіндігін дәл өлшеу үшін жыл сайынғы инфляция деңгейі жеке ескерілді.Зерттеудің нәтижесі.Мұғалімдер жалақысы мен PISA математика баллдарының арасында оң байланыс бар r = 0,63, p< 0,01.Адами даму индексімен байланыс одан да күшті шықты: r = 0,91.2021-2025 жылдарда жалақының орташа 20%-дық жылдық өсуі PISA нәтижелерінің жақсаруымен және педагогикалық мамандыққа жазылушылар санының 34%-ға артуымен бір мезгілде байқалды.Сол кезеңде мектептердегі кадр тапшылығы 12 пайызға қысқарды.Мақала педагогтерді ынталандырудың жүйелі тетіктерін реттеуге арналған нақты ұсыныстармен аяқталады.