ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ ФЕНОМЕНІ: ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КРЕАТИВТІ БАСТАМАЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i1.1151
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Темірбек Қараұлы Жүргенов – Орталық Азия мен Қазақстандағы мәдениет пен өнердің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол 1933-1937 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары қызметін атқарып, сауатсыздықты жою, білім беру жүйесін жаңғырту және ұлттық өнерді дамыту бағытында тарихи маңызы зор істер атқарды. Ұлы тұлғаның ел мәдениеті мен өнерін өркендету жолындағы үлкен бастамалары, бүгінгі таңда өз жалғасын тауып жатыр. Сондықтан уақыт алға жылжып, ұрпақтар алмасқан сайын Темірбек Жүргеновтың рухани мұрасын жаңа көзқараста зерттеу тақырыптың өзектілігін арттырады. Әдістер: зерттеу жұмысының әдістемелік негізін өнертанушылық ұстанымдармен қатар қайраткердің еңбек жолын талдаудың хронологиялық, тарихи-компаративтік, салыстырмалы-сараптамалық, ғылыми жүйелеу, деректанулық зерттеу әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Мақсаты: архивтік құжаттар мен тарихи дереккөздерге сүйене отырып, Темірбек Жүргеновтің қазақ ұлттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін жүйелі әрі ғылыми негізде талдау. Міндеттері: Темірбек Жүргеновтің ағартушылық және мәдени-ұйымдастырушылық қызметін жан-жақты қарастырып, ұлттық өнерді кәсіби деңгейге көтерудегі жаңа бастамаларын анықтау. Кеңестік дәуір мен қазіргі кезеңдегі тарихи деректерді салыстыра отырып, қайраткер феноменін ашу. Темірбек Жүргеновтің ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы көшбасшылық рөлін айқындап, оның тұлғалық тұғырының қазіргі тәуелсіз Қазақстан мәдениетінде де маңызын жоғалтпағанын зерттеу. Нәтижелер: Темірбек Жүргеновтың тікелей бастамасымен қазақ музыкалық драма театры, ұлттық оркестр, опера-балет театры, кино студиялары құрылып, жалпы мәдени өрлеу жүзеге асты. Ол халық шығармашылығын өрістетуге ерекше мән беріп, дарынды тұлғалар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин, Бейімбет Майлин, Әбілхан Қастеев сынды тұлғалардың шығармашылық жұмыспен айналасуына мүмкіндік тудырды. Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Оқырмандар бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында Темірбек Жүргеновтің идеялары – ұлттық білім мен мәдениетті дамыту, өнерді өрістету – мемлекеттік саясатта өз жалғасын тауып жатқанымен таныса алады. Өнер мен мәдениет саласында Темірбек Жүргеновтың рухани мұрасын зерттеумен айналысып жүрген жас ғалымдар бұл еңбекті қажетіне қарай қолдана алады. Қайраткер мұрасы тек тарихи тағылым емес, қазіргі мәдени өркендеуіміз үшін де сарқылмас қазына екендігіне көз жеткізеді.