ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОТУРИЗМ: ӨҢІРЛІК ТАРТЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРПЕКТИВАЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1366
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту үшін агротуризм саласын қалыптастырып, дамыту ауылдық елді мекендердің экономикалық өсуін қолдауға, мәдени мұраны сақтап, аймақтағы экологиялық жағдайды қалыпты сақтауға мүмкіндік береді. Мақалада Қазақстан Республикасындағы агротуризм саласының негізгі мәселелері мен оны шешу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, агротуризм ел экономикасының стратегиялық бағыты ретіндегі туристік саладағы ауылшаруашылығы туризмінің маңызы, оның өңірлік тартымдылығы мен аймақтың өркендеуіне қосар үлесі мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәні қарастырылады. Агротуризмді дамыту ауылдық жерлерде экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, ауылдық елді мекендердің табысын арттырып, ол елдегі ұлттық мұраны сақтап және экожүйенің тепе-теңдігін ұстап тұрудағы маңызды тетік болып табылады. Зерттеу барысында туристік индустриядағы агротуризмнің алар орны мен аймақтың потенциалын арттыруға қосар үлесі, оның қоғам мен экономикаға тиімді әсері жан-жақты қаралады. Мақалада агротуризмнің жағдайын саралап, сипаттауда оның дамуындағы мемлекеттік ынталандыру шаралары мен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары да назарға алынды. Агротуризм саласын қалыптастырып, дамытудағы негізгі кедергілер мен факторлар анықталып, қарастырылды. Ауылдарда агротуризмді жасақтау арқылы ондағы еңбек нарығын жетілдіріп, ауыл шаруашылығы мен туризмнің интеграциясын қалыптастырып, ауылдардағы қаржы айналымының жүруін қамтамасыз етуге мол мүмкіндік болады. Қазақстан Республикасында агротуризмді дамыту бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері: ауыл шаруашылығы мен туристік сала қызметін агротуризм бағытында тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.