ОПТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ: БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.341
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылым мен технология қарқынды дамып келе жатқан қазіргі дәуірде білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын жүйелі түрде қалыптастырып, дамыту – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Алайда соңғы жылдары көптеген елдерде жастардың ғылымға деген қызығушылығының төмендеуі байқалып отыр. Бұл үрдіс болашақта ғылыми-техникалық мамандардың тапшылығына алып келіп қана қоймай, елдің экономикалық дамуына да кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты аталған мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – білім беру үдерісіне STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) технологияларын интеграциялау. Осы зерттеудің негізгі мақсаты – STEM технологиясы негізінде арнайы әзірленген оқу құралдарын пайдалану арқылы оптикалық құбылыстарды оқытудың білім алушылардың оқу нәтижелеріне әсерін анықтау. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің 2-курс физика мамандығы студенттері арасында жүргізіліп, жалпы саны 47 білім алушы бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. 15 апталық оқыту бағдарламасы барысында эксперименттік топта LightBurn бағдарламасы мен CNC технологиясы арқылы жасалған оптикалық STEM құрылғыларымен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Зерттеу барысында білім алушылардың бастапқы және соңғы деңгейлерін анықтау үшін Pre-test және Post-test жүргізіліп, мәліметтер Jamovi 2.4 бағдарламасы арқылы талданды. Paired t-test және ANCOVA статистикалық әдістерін қолдану нәтижесінде Pre-test кезеңіндегі білім алушылардың орташа балы 12.7 болса, Post-test нәтижесі 14.6-ға дейін артқаны анықталды. Жұпталған t-тест бойынша t(46) = -10.7, p < .001 мәні тіркеліп, оқыту тиімділігінің статистикалық маңыздылығы дәлелденді. Сонымен қатар, ANCOVA нәтижесінде оқыту әдісінің әсері бойынша F(1,44) = 85.4, p < .001 көрсеткіштері алынып, STEM технологиясын қолдану оқу жетістіктерін, танымдық белсенділікті және пәнге деген қызығушылықты едәуір арттырғаны байқалды. Бұл нәтижелер STEM жинағын пайдалану студенттердің оптикалық құбылыстарды терең түсінуіне, сабаққа белсенді қатысуына және физика пәніне қызығушылығының артуына оң ықпал еткенін көрсетті. Авторлар әзірлеген бұл STEM жинағы физиканы оқытудың заманауи тәжірибесіне бейімделген әрі қолжетімді үлгі ретінде ұсынылады.