ҚАЗАҚ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ «ДАЛА» АРХЕТИПІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i1.932
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада аналитикалық психологиядан туындаған «архетип» ұғымы көркем шығармашылықты талдауға негіз болған. Бейсаналықтан туындаған архетиптер ілкі заманнан бүгінгі кезге дейін көркем өнерде көрініс тауып отырғаны қазақ суретшілерінің шығармашылығындағы «дала» архетипі арқылы қарастырылған. «Архетип» ұғымына терең талдаулар жасалып, оның қазақша баламасы мен қазақ тіліндегі ұғымы зерделенген. Көркемөнерді талдауға негіз болған аналитикалық психологиялық әдісті пайдаланып, қазақ суретшілерінің туындыларына талдау арқылы, әлемдік көркем шығармаларда кездесетін әмбебап бейнелердің ұлттық көрінісі айқындалған. «Дала» архетипі қазақ суретшілерінің шығармашылығындағы пейзажды бейнелеу. Архетип - суретшілердің шығармашылығы арқылы көрінетін психо-философиялық бейне. Алғашқы Қазақстанның кәсіби кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің шығармашылығынан бүгінгі күнгі суретшілердің туындыларына дейін дала көрінісінің шексіз әрі терең кеңістікті бейнелеуі ұлттық қабылдау болмысынан деп анықталды. Заманауи Қазақстан бейнелеу өнері белсенді дамуда, дәстүрлі және инновациялы формалар өнерде бірін-бірі толықтырып, алмастырып өзіндік ерекше мәдени келбетті қалыптастыруда. Егемендік алғаннан кейінгі мәдени бірегейлікті іздестіру - ұлттық өнерді өзінің қайнар көзіне және ұлттық өнердің бастауларына қайта мән беруге шақырды. Заманауи Қазақстан өнері суретшілерінің жаңаша көркем ізденістері стереотиптерден бас тарту, ұлттық өнердің қайнар көзі болып саналатын «архетиптерге» қайта оралу. Осы тұста негізгі қазақ дүниетанымындағы негізгі әлемнің көркем картинасы – кеңістік. Кеңістік – шексіз «дала» көріністінде қазақ суретшілерінің шығармашылығында көрініс табады.