ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.62
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданудың теориялық және әдіснамалық негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлі, оның ішінде деректерді талдау, модельдеу, визуализация және интерактивті оқыту құралдарын құрудағы артықшылықтары сипатталады. Адам қаңқасының құрылымын мультимедиялық форматта бейнелеу арқылы жүргізілген тәжірибелік зерттеу нәтижелері ұсынылады. Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды пайдалану оқушылардың визуалды қабылдауын жақсартып, күрделі биологиялық ұғымдарды түсінуді жеңілдететіні аталған. AI негізіндегі платформалар әр білім алушының жеке қабілеті мен оқу қарқынын анықтап, соған сәйкес жекелендірілген білім беру траекториясын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың аналитикалық, сыни және зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Әсіресе биологиялық объектілерді 3D модельдеу, виртуалды зертханалар және анимациялық симуляциялар арқылы түсіндіру оқушылардың абстрактілі ұғымдарды нақты визуалды бейнелер арқылы қабылдау тиімділігін күшейтеді. Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы білім алушылардың ақпараттық сауаттылығы, цифрлық құзыреттілігі және ғылыми-зерттеу мәдениеті қалыптасатыны қарастырылады. Мұндай технологиялар білім алушылардың өздігінен іздену, дереккөздерді салыстырмалы талдау, гипотеза құру және ғылыми қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.