КӨПМӘДЕНИЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі жаһандану дәуірінде көпмәдениетті білім берудің тұлғаның әлеуметтену процесіне ықпалы жан-жақты талданады. Зерттеудің өзектігі қазіргі қоғамдағы полиэтникалық орта, көші-қон процестерінің күшеюі және ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен байланысты. Мақаланың негізгі мақсаты - жастардың өз мәдениетін сақтай отырып, өзге мәдениеттерді қабылдай алатын, түсіне алатын әлеуметтік жауапты және бейімделгіш тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық және әлеуметтік тетіктерді анықтау. Зерттеу барысында теориялық талдау, контент-анализ, салыстырмалы әдістер қолданылды. Сонымен қатар, көпмәдениетті білім беру жүйесінде жобалық оқыту және веб-квест технологияларының тиімдігі қарастырылды. Нәтижесінде тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін факторлар жүйесі (мега-, макро-, мезо-, микрофакторлар) талданып, ақпараттық кеңістіктің рөлі ерекше атап өтілді. Мақалада мәдениеттер диалогы қағидасының маңызы ашылып, оның тұлғаның сыни ойлауын, толеранттығын және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытудағы рөлі дәлелденді. Сонымен қатар, көпмәдениетті білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде тілдік полифония, сыни ойлау, инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды. Қорытындыда көпмәдениетті білім беру тек педагогикалық құбылыс емес, қоғамдағы тұрақтық пен келісімді қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды фактор екені айқындалды.