БҮГІНГІ ҚАЗАҚ АКТЕРЛІК ӨНЕРІНДЕГІ ПЛАСТИКАЛЫҚ АЙҚЫНДЫЛЫҚ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i1.1163
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Пластика заманауи қойылымдарда тек көркемдік элемент қана емес, драмалық тілдің дербес компонентіне айналып отыр. Бұл зерттеу қазақ театрының ұлттық дәстүрлерін сақтай отырып, әлемдік театрлық тенденциялармен үндесетін жаңалықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ғылыми мақалада қазақ театр өнерінде өзіндік қолтаңбаларымен дараланатын режиссерлер Нұрқанат Жақыпбай, Болат Атабаев, Гүлсина Мирғалиева, Фархад Молдағали, Айдын Салбан, Есләм Нұртазин қойылымдарындағы пластикалық шешімдер қарастырылып, актер пластикасының эволюциясы анықталды. Мақаланың мақсаты – қазақ театр өнеріндегі актердің шығармашылық қызметіндегі пластиканың ролі мен кейіпкердің жан-күйін пластикалық тілмен бейнелеудің ерекшелігін ашу. Себебі, кейіпкер бейнесін сомдаудағы актердің пластикалық мәнерінің өзгерістері, қойылымның ең маңызды компоненттерінің бірі болып саналады. Пластикалық және би композициялары сахналық әрекетті жаңа эмоциялық сатыға көтереді. Актердің пластикасы көбінесе спектакльдің негізгі идеясын ашуға ықпал етіп, оның көркемдік құрылымының тереңдей түсуіне септігін тигізеді. Режиссер танымының тереңдігі спектакльдің жалпы композициялық және динамикалық құрылымынан, кейіпкерлерді пластикалық бейнелеуден, сонымен қоса мизансценалық тілден байқалады. Тақырыпты зерттеу барысында ғылыми жүйелеу, кешенді зерттеу, салыстырмалы-сараптамалық талдау, териялық және психофизикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында кейіпкер бейнесін сомдаудағы актердің рухани пайымы, сырт келбеті, дауысы, ішкі ырғағы, музыкалық қабілеті, актердің пластикалық мәнерімен астасып жататындығы анықталды. Зерттеу нәтижелері заманауи спектакльдердің басты ерекшелігі сахналық әрекеттің көп жанрлығы болып табылатындығын, пластикалық метафоралардың кейіпкердің ішкі әлемін ашып беретіндігін, заманауи хореографияның маңыздылығын көрсетті. Драма актерінің жұмысы кейіпкердің психологиялық әлемін, оның эмоциялары мен сезімдерін бейнелеуге бағытталғанымен де қазіргі режиссура актердің пластикалық икемділігіне баса назар аударып отыр. Толыққанды шығармашылық іс-әрекет үшін актер классикалық хореография негіздерін, заманауи бидің әртүрлі стильдерін, пантомиманы, вокалды игеріп қана қоймай, сонымен қатар спектакльге қажетті жаңа құралдарды өз бетінше меңгере алатын әмбебап кәсіпқой болуды талап етеді. Мақалада бүгінгі таңда режиссер мен хореографтың бірлескен еңбегінен пластикалық шешімдер мен пантомимамен көркемделген күрделі, айтар ойы терең спектакльдерде ойнау актердің сан қырлы болуына жол ашып отырғаны нақты мысалдар негізінде қарастырылды.