ШАМАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК СӘН ҮЛГІСІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i1.954
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Шамандық мәдениетіне тән шаман киімдері әлемнің әр жерінде түрлі өзгешеліктерімен кездеседі. Әртүрлі себептермен жойылып кеткен көптеген әдет – ғұрыптармен бірге шамандық киімдер де уақыт өте өзгеруде. Сол себепті де көне заманның куәсі болып, бүгінгі күнге дейін жеткен бақсы киімдерін талдап, түсіндірудің маңызы зор. Киімдеріндегі маңыздылық; матадан және де әртүрлі бұйымдардан жасалған шашақтары, бақсы көйлегі, металл заттары, қуыршақтары, аң терісі, құс қауырсындары, теңіз ракушкалары, моншақтар мен әртүрлі символдары болып табылады. Бұл киімдердің алуан түрлілігі орындалатын ырымға және бақсы жататын мәдениетке байланысты өзгереді. Бұл зерттеуде шамандық мәдениет тарихындағы киімдердің кию дәстүрінің шығу тегі, символдық мағынасы, қолданыс үлгілері мен тарихи сабақтастығы талқыланды. Зерттеу барысында әдебиеттерге шолумен бірге қажетті дереккөздер қарастырылды. Бұл зерттеу жұмысында, шаман және шамандық мәдениетке шолу жасай отырып, шамандардың наным – сенімі бойынша өз әсерін жоғалтпаған бақсы киіміндегі өрнектері мен белгілерін заманауи тұрғыда сән әлемінде қолданылуын зерттеу мақсат етілді. Сонымен қатар, шамандық мәдениеттің тарихи салаларда пайда болуын зерттеп, қоғамдағы шамандыққа қатысты мәдени байланыстарды қарастыру және олардың сән дизайнына әсерін ашу болып табылады. Зерттелген костюмдердегі өрнектер, пайдаланылған материалдар мен белгілер бүгінгі сән әлемінде қолданыста болғандығы айқындалды. Шаман мәдениетінің киімінде қолданылған символдарды заманауи тұрғыда өз топтамаларында әлемге паш еткен трендтер жинақталды. Әлемге әйгілі брендтердің топтамаларында Богемиялық қозғалыс пен шаман мәдениетінің үйлесімі арқылы бүгінгі жылдам сәнге сәйкес үлгі мен киім топтамалары ұсынылды. Дизайнерлер туындыларымен бақсы мәдениетін қайта жандандырып, сән саласында жарыққа шығарғаны негізделді.