Аңдатпа
Мақалада заманауи қазақ суретшілердің шығармашылығындағы текстиль материалының мәні мен қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Алмагүл Меңлібаева, Гүлнұр Мұқажанова, Гүлмарал Тәтібаева, Әлия Қанибекова, Мөлдір Қарубайқызы сынды суретшілердің туындылары зерделенді. Текстиль – олардың шығармашылық тәжірибесінде маңызды концептуалдық құрал ретінде қолданылады. Суретшілер тарихи жады, экология, әйел тәжірибесі, киімдік және ұлттық мұра сынды тақырыптарды текстиль арқылы жеткізеді. Астана қаласындағы өткен TSE art destination галереясындағы «GREEN, YELLOW, RED AND GREEN AGAIN» Алмагүл Меңлібаеваның жеке көрмесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ұйымдастырылған «ADYR-ASPAN» атты топтық көрме, сондай-ақ Sal-Seri галереясында өткен Мөлдір Қарубайқызының «JETI APA» және тағы басқа көрмелер қарастырылды. Бұл көрмелерде текстиль бұйымдарының айрықша орын алғаны атап өтіледі. Сонымен қатар, киіз, барқыт, люрекс, ақ мата сияқты материалдар арқылы жасалған инсталляциялар мен перформанстарда қазақтың дәстүрлі мәдени коды мен қазіргі әлеуметтік мәселелер ұштастырыла көрсетілді. Авторлар текстиль заманауи өнердегі шынайы, поэтикалық және символдық әлеуетін ашып, оны мәдени мұра мен жеке тәжірибе арасында диалог құралы ретінде зерттелді. Текстиль көмегімен заманауи өнерде жаһандану мен ұлттың ішкі үнін, әйел болмысы мен әлеуметтік трансформация процестерін терең әрі көркем тілде бейнелеу мүмкіндіктері сараланады. Мақала текстиль бұйымдарын жаңа контекстте оқуға бағытталған ғылыми-шығармашылық ізденісті көздей отырып, Астана арт-кеңістігіндегі өзекті үрдістер мен текстиль нысандардың даму жағдайын кешенді түрде талдайды.