ХРОМ-НИКЕЛЬ ФЕРРОҚОРЫТПАЛАРЫН АЛУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШИКІҚҰРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.37
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада хром-никель ферроқорытпаларын өндіру кезінде қолданылатын никель кенінің және тотықсыздандырғыш ретінде ферросиликоалюминийдің рентгенфазалық және термиялық талдауы қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты - материалдардың минералогиялық және фазалық құрамын анықтау арқылы оның металлургиялық өңдеуге қабілеттілігін бағалау. Материалдардың негізгі фазалары, олардың интенсивті пиктері және минералдық қоспалары талданып, кеннің металлотермиялық тотықсыздандыру үрдісіне ықпалын анықтау үшін РФА әдісі қолданылды. РФА нәтижелері никель кенінің минералдық құрамында SiO2, темір- және хромқұрамды оксидтер мен гидроксидтер фазаларының басым екенін көрсетті, бұл олардың металлотермиялық тотықсыздану қабілетіне тікелей әсер ететіндігін анықтауға мүмкіндік берді. Ферросиликоалюминий үлгісінде Al-Fe-Si жүйесінің интерметаллидтік қосылыстары және кремнийлі фазалар анықталып, олардың термохимиялық белсенділігі мен тотықсыздандыру үрдісіне ықпалы талданды. Никель кенінің термограммалары дегидратация, дегидроксилдену, силикат фазаларының ыдырауы және жоғары температурада темір мен хром оксидтерінің тотықсыздануымен сипатталатын көпсатылы термиялық өзгерістерді көрсетті. Ферросиликоалюминий үшін 500 °C-қа дейінгі жоғары термостабильдік анықталды, ал 660-1150 °C аралығында алюминий, кремний және темір арасындағы өзара әрекеттесулерге сәйкес келетін интерметаллид фазалардың түзілуі мен тотықсыздану үрдістерінің қарқындануы байқалды. Алынған нәтижелер шикізаттардың тотықсыздану механизмін, зерттелген материалдардың термофизикалық қасиеттерін бағалауға, фазалық түрленулерін және хром мен никельдің толық шығуын қамтамасыз ететін оңтайлы технологиялық параметрлерді негіздеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері хром-никель ферроқорытпаларын өндірудің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-технологиялық шешімдер әзірлеуде маңызды рөл атқарады