ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: КОМПАРАТИВТІК ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i4.1132
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала постдрамалық театр эстетикасының ықпалымен дамып отырған қазіргі қазақ драматургиясындағы кейіпкер трансформациясына арналады. Әлемдегі және еліміздегі мәдени-эстетикалық өзгерістер театр мен драматургия тілінің өзгеруіне елеулі ықпал етіп отырғаны белгілі. Зерттеу жүргізуде театртанушылық- компаративтік талдау, дискурстық-нарративтік талдау және философиялық-герменевтикалық интерпретация тәсілдері қолданылды. Зерттеудің теориялық негізі ретінде Светлана Гончарова-Грабовскаяның қазіргі орыс драматургиясындағы кейіпкердің «әрекет етуші тұлғадан» «тәжірибені жеткізуші куәгерге» айналуы туралы тұжырымы алынып, отандық драмалық мәтіндермен салыстырмалы талдау жасалады. Мақалада соңғы онжылдықтағы жас қазақ драматургтері: Әннәс Бағдат, Әлібек Байбол, Айжарық Сұлтанқожа, Жәнібек Әлікен сынды заманауи авторлардың пьесалары талдауға алынады. Осы қаламгерлердің шығармаларындағы кейіпкердің бұрынғыдай сыртқы конфликтке негізделген белсенді әрекет субъектісі емес, көбіне ішкі психологиялық дағдарыс пен әлеуметтік ортадағы күйзелісті жеткізуші рефлексивті тұлға ретінде бейнеленетіні сараланады. Қазақ драмасындағы кейіпкер қазіргі кезеңде экзистенциалды, рухани және әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін көтере отырып, қоғамның мәдени-тарихи жадыны сақтаушы символдық бейнеге жақындайды. Сонымен қатар, зерттеу барысында пьесалардың жанрлық-стильдік ерекшеліктері, монологтік дискурс және ішкі сана ағыны, романтикалық дискурс пен ирониялық деконструкция, адресатсыз монолог формасы, т.б. көркемдік құрылымның маңызды элементіне айналғаны айқындалады. Дәстүрлі және постдрамалық драматургия арасындағы айырмашылықтар ашылып, сюжет пен тартыстың әлсіреуі, фрагментарлық құрылымның, диалогтан қарағанда монологтың басымдылығы, сол арқылы тұлғаның ішкі күйзелісі мен қоғамдық жалғыздығы, әлеуметтік-психологиялық белсенсіздігі пьесаларды талдау негізінде анықталады. Айқын (эксплицитті) және жасырын (имплицитті) тартыстарды қолдану кейіпкер трансформациясын көрсетуге тиімді тәсіл болып табылады. Осылайша, зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ драматургиясында кейіпкер бейнесі елеулі трансформацияға ұшырағандығы анықталды. Бұл өзгеріс ұлттық мәдени кодтың сақталуымен қатар, постдрамалық театр эстетикасының ұстанымдарымен параллельді түрде сабақтасып, олармен ықпалдаса даму үдерісінде көрініс табады.