ОЛИГОҚАНТ ЕРІТІНДІСІНДЕГІ КҮМІС ИОНДАРЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНУ ҮЛГІСІНЕ ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1591
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада табиғи олигоқант β-тұйықдекстриннің ерітіндісіндегі күміс иондарының тотықсыздану сипатына әртүрлі жағдайлардың әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Олигоқант бір мезгілде алынған күміс нанобөлшектері үшін тотықсыздандырғыш және тұрақтандырғыш ретінде қолданылды. Сулы-сілтілік ортада нанобөлшектердің тотықсыздану және түзілу процестеріне ерітіндінің рН және температурасының әсері зерттелді. Ортаның сілтілігінің өзгеруі бөлшектердің өлшеміне және реакция ортасындағы ультракүлгін беттік плазмон максимумының сипатына әсер ететіні көрсетілді. Әлсіз сілтілі ортада наноөлшемді өлшемді бөлшектер түзілетіні көрсетілді. β-Олигоқанттың күміс нанобөлшектерімен әрекеттесуі УК, ИҚ және ЯМР спектроскопиясын әдістемелерін қолдану арқылы анықталды. β-Олигоқанттың қатысуымен беттік плазмон резонанс жолағының батохромдық ығысуы анықталды, бұл күміс нанобөлшектері бар β-олигоқант кешенінің түзілуін көрсетеді. ИҚ-спектроскопиялық талдау β-олигоқанттың гидроксил топтарының депротонациясын тотықсыздану процестерінің нәтижесінде және олардың күміс нанобөлшектерін тұрақтандырудағы рөлін анықтады. 1H және 13C ЯМР деректері әлсіз ван-дер-Ваальс және олигоқанттың H-3 және H-5 протондарын қамтитын электростатикалық «қожайын-қонақ» өзара әрекеттесулерін көрсетті. Алынған эксперименттік деректер сілтілі орта нанобөлшек бетінде тұрақтандырғыш жабын қалыптастыру арқылы суда еритін β-олигоқант-AgNPs клатрат нанокомпозитінің түзілуіне ықпал етеді деген қорытындыға әкелді.