Қазақстан жағдайында тұқымаралық будандастыруды пайдалану кезінде әртүрлі тұқымды сүтті ешкілердің өнімділік және өсімін молайту қасиеттерін бағалау

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.2(130).2143
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттары мен мақсаты. Зерттеу нысаны. Зерттеулер жалпы саны 1978 бастан тұратын Атырау облысындағы «Сарайшык» ЖШС-де сүтті бағыттағы сауын ешкілеріне жүргізілді, олардың ішінде Серб селекциясының заанен тұқымының таза тұқымды ешкілері 284 бас, ал басқа үш шаруашылықта тұқымаралық будандар, сонымен қатар сүтті бағыттағы ешкілердің үйлесімділігі арқылы мал саны 975 бас құрады. Олардың ішінде Актөбе қаласындағы «Шекшек Ата» ауылдық өндірістік кооперативінде – 198 бас, Батыс Қазақстан облысының Байтерек ауданындағы «Бисекеш» шаруа қожалығында 565 бас, Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Әліпбек» шаруа қожалығында 91 бас. Тұқымдық құрылымы бойынша Батыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы шаруашылықтардың ешкі табындары заанен тұқымының будандарынан құралған. Ал Ақтөбе облысындағы шаруашылықта заанен және нубий тұқымдарының будандарымен қатар, 2018 және 2019 жылдары алынған пәкістандық Битал тұқымының будандары да бар. Нәтижелер. Шығу тегіне байланысты текелер мен аналық ешкілердің тірі салмағы тиісінше 59,2–75,0 кг және 49,4–55,3 кг аралығында болды. Лактациялық кезеңнің 7-айында сүт өнімділігі 400–519 кг құрап, орташа тәуліктік сауым мөлшері 1,9–2,5 кг деңгейінде болды. Бұл көрсеткіштер таза тұқымды және будан сүтті ешкілерге қойылатын ең төменгі өнімділік талаптарына сәйкес келеді. 4 айлық шыбыштардың тірілей салмағы 21,8–23,6 кг, ал текешіктерде 23,0–29,4 кг болды, орташа есеппен сәйкесінше 21,74–24,50 кг аралығында болды. Ал 8 айлықтарында бұл көрсеткіштер шыбыштарда 31,7–34,0 кг, текешіктерде 34,8–38,7 кг, орташа алғанда 33,03–36,3 кг құрады. Аталған мәліметтер, жалпы алғанда сүтті ешкілердің тұқымдық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. 8 айлық жасқа дейінгі төлдің тірілей салмағы шығу тегіне қоса, азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайларына да тәуелді екені анықталды. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысындағы шаруашылықта заанен тұқымының будан аналықтарын шетелдік селекциядағы осы тұқымның текелерімен енгізе шағылыстырудан күтілген селекциялық әсер жеткіліксіз деңгейде көрініс тапты. Негізінен жастары біркелкі ешкілерден құралған табында тірі салмақ пен сүт өнімділігі арасында оң корреляциялық байланыс бар екені анықталды (+0,159). Сонымен қатар, сүт сауымы сүттегі ақуыз мөлшерімен (+0,053…+0,198) және соматикалық жасушалар санының көрсеткішімен (+0,123…+0,431) де өзара байланысты болды. Бұл көрсеткіштер сүт өнімділігі артқан сайын сүттің бактериялық ластануының төмендейтінін көрсетеді. Қорытынды. Зерттеу материалдарын талдау нәтижесінде «Бисекеш» шаруа қожалығындағы төлдерде (заанен тұқымының будан аналықтарын «Сарайшык» ЖШС-нен әкелінген голланд селекциясындағы таза тұқымды текелермен енгізе шағылыстыру нәтижесінде алынған) 4 және 8 айлық жаста тірі салмақтың күтілген деңгейде артқаны байқалмады. Атап айтқанда, тірі салмақ орта есеппен тиісінше 23,07 және 34,5 кг болды, бұл таза тұқымды қатарластарына қарағанда 6,1 және 4,9 кг-ға төмен. Мұндай нәтиже осы шаруашылықтағы ешкі табынын азықтандыру мен күтіп-бағу деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен бірге, аталған шаруашылықтағы төлдің тірі салмағы 4 және 8 айлық жаста «Әліпбек» шаруа қожалығындағы ұқсас заанен будандарымен салыстырғанда тиісінше 6,1 және 4,5%-ға жоғары болды.