БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИНЕРАЛДЫҚ ЖӘНЕ КӨМІРСУТЕКТІ ШИКІЗАТЫ НЕГІЗІНДЕ КАТАЛИЗАТОРЛАР ӘЗІРЛЕУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1431
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада 5Co5Mn катализаторларын синтездеу және олардың құрылымдық-фазалық сипаттамалары мен каталитикалық белсенділігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Катализаторлар табиғи опока негізінде төмен температуралы жану әдісімен дайындалды. Зерттеу барысында алынған үлгілердің морфологиялық және физика-химиялық қасиеттері рентгенофазалық талдау, электрондық микроскопия және BET әдістерімен анықталды. Нәтижелер көрсеткендей, табиғи опока катализатордың жоғары дисперстілігі мен белсенді орталықтарының біркелкі таралуын қамтамасыз ететін тиімді тасымалдағыш болып табылады. 5Co5Mn жүйесінің үлгілері көмірсутектер мен көміртек тотығын терең тотықтыру реакцияларында жоғары каталитикалық белсенділік көрсетті. Осылайша, табиғи опоканы аз өңдеумен қолдану қоршаған ортаға қауіпсіз және экономикалық тиімді катализаторлар алу жолдарының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.