ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТИІМДІЛІГІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.90.2.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік активтерді басқару тетіктерін стратегиялық жаңғырту мәселелері және олардың институционалдық тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикадағы мемлекеттік сектор үлесінің жоғары болуымен және мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделеді. Мақалада мемлекеттік активтерді басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау, институционалдық шектеулерді айқындау және оны жетілдіру бағыттарын ғылыми тұрғыда негіздеу мақсат етілген. Зерттеу барысында институционалдық, салыстырмалы және жүйелік тәсілдер қолданылды.Талдау нәтижесінде басқару жүйесінің тиімділігі әркелкі сипатқа ие екендігі, агенттік мәселелердің бар екендігі және ашықтық деңгейінің жеткіліксіздігі анықталды. Осыған байланысты институционалдық, экономикалық-аналитикалық және технологиялық блоктарды қамтитын жаңғыртудың тұжырымдамалық моделі ұсынылды. Сонымен қатар, басқару тиімділігін арттыру үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) және цифрлық басқару құралдарын енгізу қажеттілігі негізделді. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік басқару сапасын арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.