Жүктіліктің үшінші триместріндегі қасаға симфизі ажырауына әсер ететін факторлар: бақылау когорттық зерттеуі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.2.2026.782
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өзектілігі: Жүктілік кезінде гормондық, метаболикалық және биомеханикалық өзгерістер әсерінен қасаға симфизінің қайта құрылуы жүреді. Алайда қасаға симфизі сүйектері арасындағы ажырау дәрежесі жүкті әйелдер арасында әртүрлі болып келеді және оған көптеген ана факторлары әсер етуі мүмкін. Зерттеудің мақсаты: логистикалық регрессия моделін қолдана отырып, жүктіліктің үшінші триместріндегі қасаға симфизі ажырауына әсер ететін факторларды бағалау. Материалдар мен әдістер: Зерттеуге жүктіліктің үшінші триместріндегі 172 әйел қатысты. Қасаға сүйектері арасындағы қашықтық ультрадыбыстық зерттеу арқылы өлшенді. Сүйек тінінің минералды тығыздығы SONOST-3000 (OsteoSys Co., Ltd., Оңтүстік Корея) аппаратының көмегімен ультрадыбыстық остеоденсистометрия әдісі арқылы бағаланды. Әртүрлі факторлардың әсерін бағалау үшін бірфакторлы және көпфакторлы логистикалық регрессиялық модельдер қолданылды. Нәтижелері: Логистикалық регрессиялық модель статистикалық тұрғыдан мәнді болды (p<0,001) және қасаға симфизі сүйектері арасындағы ажырау ықтималдылығының 27,4%-ын түсіндірді. Көпфакторлы талдау нәтижесінде сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі қасаға симфизі ажырауының ең күшті тәуелсіз предикторы ретінде анықталды (AOR=3,91; 95% СИ: 1,85-8,24; p<0,001). Сонымен қатар, жүктіліктер санының артуы ажырау қаупінің жоғарылауымен байланысты болды (AOR=1,79; 95% СИ: 1,22-2,66; p=0,003). Жүкті әйелдердің жасы қорғаныш әсер көрсетіп, жасы үлкен әйелдерде қасаға симфизі ажырауының ықтималдығы төмен болды (AOR=0,45; 95% СИ: 0,21-0,98; p=0,045). Қорытынды: Сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі, жүктіліктер санының артуы және зерттелушілердің жасы физиологиялық жүктіліктің үшінші триместрінде қасаға симфизі ажырауының тәуелсіз предикторлары болып табылады. Қауіп тобына жататын әйелдерді ерте анықтау қасаға симфизінің жағдайын динамикалық ультрадыбыстық бақылауды жетілдіруге және симфизиопатияның алдын алуға мүмкіндік береді.