ҚР ЭКОНОМИКАСЫН БІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРМЕН ҚАМТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1469
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты - еліміздің экономикасын дамыту барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру арқылы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай білікті жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ету жолдарын айқындау. Білікті кадрлармен жұмыс қазіргі таңа экономикада маңыздылыққа ие, өйткені өркендеу барысында инновациялық шешімдерді білікті мамандардың дұрыс қабылдауы бірнеше салаларды озық жетілдіріп, өзгерістер енгізе алады. Зерттеу барысында талдау және салыстыру әдістері қолданылып, аймақтардағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері мен негізгі бағыттары айқындалды. Зерттеудегі тұжырымдар Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың экономиканы білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етудегі рөлін бағалауға, маңыздылығын арттыруға бағытталған. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік аймақтық және салалық тұрғыда статистикалық талдау арқылы анықталды. Экономиканың нақты секторлары үшін, әлеуметтік бағыттар бойынша жұмысшы мамандықтар даярлаудың өзектілігі негізделіп айқындалады. Зерттеу нәтижелері аймақтардың экономикалық құрылымы мен өндірістік мамандануына байланысты жұмысшы кадрларға деген қажеттіліктің әркелкі екенін көрсетті. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда бірыңғай тәсілдерді емес, еңбек әлеуетінің интеллектуалды деңгейін арттыруға ықпал ететін факторларды енгізу қажеттілігі негізделді. Авторлар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатынын дәлелдейді.