АРАБ ГРАФИКАСЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІҢ КОДЫ РЕТІНДЕ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/frb0mp13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада араб графикасы қазақ даласындағы рухани мәдениеттің іргелі коды ретінде философиялық-теологиялық және мәдени-тарихи тұрғыдан талданады. Жазу феноменінің ақпарат жеткізу құралы ғана емес, қоғамның діни санасын, дүниетанымдық құрылымын және мәдени жадын қалыптастыратын символдық жүйе екені негізделеді. Ислам өркениетінде жазудың сакрал мәнге ие болуы, Құран мәтінінің араб тілінде түсуі және уахидың жазба түрде сақталуы араб графикасын иләһи мағынаны тасымалдаушы таңбалық жүйеге айналдырғаны көрсетіледі. Осы қасиет арқылы араб жазуы қазақ даласына исламмен бірге енгенде лингвистикалық құрал болуымен қатар рухани жауапкершілік жүктелген мәдени-онтологиялық феномен ретінде орнықты. Қарахан дәуірінен бастап мешіт-медреселер жүйесінің қалыптасуы, Құран оқыту дәстүрінің орнығуы араб графикасын діни білімнің ғана емес, жалпы таным кеңістігінің құрылымдық өзегіне айналдырды. Түркі тіліндегі классикалық еңбектердің араб жазуымен хатталуы исламдық аксиологияны – имандылық, әділет, әдеп, білім идеяларын – түркі дүниесіне орнықтырды. Мақалада араб графикасының діни жадты сақтаушы, құқықтық-этикалық нормаларды бекітуші және өркениетаралық ғылыми байланысты қамтамасыз етуші рөлі айқындалады. Осы тұрғыдан араб графикасы қазақ мәдениетінде таңба мен мағынаның, мәтін мен сенімнің, тіл мен руханияттың бірлігін жүзеге асырған кешенді рухани код ретінде бағаланады.