МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БИОФИЗИКА КУРСЫН КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1205
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада медициналық жоғары оқу орындарында биофизика курсын кәсіби бағдарлы түрде оқытудың қажеттілігі мен өзектілігі ғылыми-әдістемелік және теориялық негіздері тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Зерттеу жұмысы биофизикалық білімді медициналық контекспен ұштастыра отырып кәсіби бағдарлы оқытудың инновациялық жолдарын анықтауға бағытталған. Қазіргі медициналық білім беру жүйесінде іргелі ғылымдар мен клиникалық пәндер арасындағы өзара байланысты нығайту маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, биофизика пәні болашақ медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Зерттеу барысында теориялық талдау, пәнаралық жүйелеу және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Экспериментке медициналық жоғары оқу орындарының «Медицина», «Стоматология» және «Фармация» мамандықтарында оқитын 1-ші және 5-ші курс студенттері қатысып, олардың мотивациялық деңгейі, когнитивтік белсенділігі және кәсіби бейімделу көрсеткіштері бақыланды. Зерттеу нәтижелері студенттердің биофизика пәніне деген көзқарасы, пән мазмұнының кәсіби бағыттылығы, оқыту әдістерінің тиімділігі және пәннің болашақ мамандыққа дайындығына ықпалы сияқты аспектілерді қамтыды. Алынған мәліметтерге талдау жасау арқылы студенттердің көпшілігі биофизиканы теориялық пән ретінде ғана емес, кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты ғылым ретінде қабылдайтыны анықталды. Сонымен қатар, кәсіби бағытталған оқытудың оқу мотивациясын арттырып, пәнді меңгеруге деген қызығушылықты күшейтетіні байқалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – медициналық биофизика курсына арналған кәсіби бағдарлы оқытудың тиімді жолдары мен әдістемелік ұсыныстар ұсынылады. Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар оқу процесінің сапасын арттырып, когнитивтік жүктемені төмендетеді және студенттің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері биофизика пәнінің медициналық білім беру процесіндегі орны мен маңызын жаңаша қарастыру қажеттігін көрсетеді.