ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ТІС ҚАТАРЛАРЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ БИОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2026.15.56.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ересек пациенттердегі тіс қатарларының деформациялары кешенді диагностикалық тәсілді қажет етеді. Биометриялық өлшемдер тіс-жақ жүйесінің анатомиялық және функционалдық ерекшеліктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді; соңғы зерттеулерде бұл көрсеткіштер цифрлық өлшеулер мен сандық 3D-модельдер арқылы тиімді анықталады [1-3]. Мақсаты. Ересек пациенттердегі тіс қатарлары деформацияларын объективті биометриялық көрсеткіштер арқылы сипаттау және олардың ортодонтиялық емді жоспарлаудағы клиникалық маңызын бағалау. Материалдар мен әдістер. Бір орталықта жүргізілген проспективті сипаттамалық зерттеуге қосу/шығару критерийлеріне сай 10 ересек пациент (18–44 жас) қатысты. Диагностика ғаныштан жасалған және цифрлық 3D-модельдер негізінде жүргізілді; сүйір тістер аралығы, үлкен азу тістер аралығы, тіс доғасының формасы және Bolton коэффициенті анықталды. Өлшеу қателігі Dahlberg формуласымен және кластерішілік корреляция коэффициентімен (ICC) бағаланды. Нәтижелер. Тар тіс доғаларының жоғары үлесі (narrow tapered ≈50%, narrow ovoid ≈34%) тіркелді. Bolton коэффициенті бойынша алдыңғы диспропорциялар ≈44%, жалпы диспропорциялар ≈25% жағдайда анықталды. Сүйір және үлкен азу тістер аралығының орташа мәндері ер адамдарда жоғары болды. Шектеулі іріктеме көлеміне байланысты нәтижелер сипаттамалық сипатта берілген. Қорытынды. Биометриялық параметрлер ересектердегі тіс қатарлары деформацияларын диагностикалауда және ортодонтиялық емді дараландыруда пайдалы құрал болып табылады. Қорытындыларды растау үшін бақылау тобы бар, көлемі үлкен зерттеулер қажет [1-3].